Балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысы

«Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы»  мемлекеттік мекемесі (конкурс ұйымдастырушы) №1 қосымшаға сәйкес  5500 орынға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша конкурсқа қатысуға өтінімдер қабылданатыны туралы хабарлайды.

Әлеуетті тапсырыс берушілер  не олардың уәкілетті өкілдері (тиісінше ресімделген сенімхат болған кезде) конкурсқа қатысуға өтінімдерді конкурсты ұйымдастырушының кеңсесіне немесе Нұр-Сұлтан қаласы, Бейбітшілік көшесі, 11 мекенжайы бойынша  орналасқан «Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі, телефон: 55-01-79, 55-67-57, 119 кабинетке тапсырысты пошта байланысын пайдалана отырып, 2022 жылғы 4 наурыздан бастап 18 наурызды қоса алғанда сағат 08-30-дан 16-00-ге дейінгі мерзімде ұсынады.

Конкурсқа қатысу үшін өтінімді ресімдеуге қойылатын талаптар, сондай-ақ, қажетті құжаттар тізбесі еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi бар мамандарды даярлауға, сондай-ақ, жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдеріне, мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы №122 бұйрығының 77,78,80-тармақтарында  бекітілген, сонымен қатар, балалар музыка мектептерінің, балалар көркемөнер мектептерінің және балалар өнер мектептерінің үлгілік оқу жоспарлары мен білім беру бағдарламаларында көрсетілген білім беру бағдарламаларына қойылатын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 29 желтоқсандағы № 543 бұйрығы,  Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 595 бұйрығының балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары 9 қосымшасы және № 2 қосымшадағы  ең төменгі талаптарды ескеру қажет.

Дата публикации
04 марта 2022