GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Баспасөз орталығы
Байланыс ақпараты
Қызметі
Әкім аппараты
Құжаттар
Онлайн қабылдау
Все материалы
22 октября 2026
РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ ЕЛОРДАЛЫҚ БАЙҚОҢЫР АУДАНЫНДА ЖАҢА ҚОҒАМДЫҚ КЕҢІСТІК АШЫЛДЫ

Республика күні қарсаңында елордалық Байқоңыр ауданында тұрғындарға арналған тағы бір жаңа демалыс орны пайдалануға берілді. Кенесары көшесінің бойында, А. Янушкевич пен А. Пушкин көшелерінің аралығында орналасқан сквер аудан тұрғындарына мерекелік тарту болды.

Жалпы аумағы 6 600 шаршы метрді құрайтын скверде абаттандыру жұмыстары жүргізіліп, 3 500 шаршы метрге жуық жерге кеспетас төселді. Сонымен қатар балалардың қауіпсіз әрі қызықты демалысы үшін 250 шаршы метрден астам жұмсақ жабынды ойын алаңы жабдықталды.

Жаңа сквер тұрғындардың таза ауада серуендеп, отбасымен бірге уақыт өткізуіне және балалардың қауіпсіз ортада ойнауына мүмкіндік береді. Мұндай қоғамдық орындар ауданның көркін арттырып қана қоймай, тұрғындар үшін жайлы әрі қолайлы орта қалыптастыруға ықпал етеді.

Айта кетейік, биыл Байқоңыр ауданында 107 аула абаттандырылып, 4 қоғамдық кеңістік пайдалануға берілді. Республика күні қарсаңында ашылған жаңа сквер ауданның демалыс орындарын толықтырып, тұрғындарға тағы бір жайлы мекен сыйлады.

Келе жатқан ұлттық мереке - Республика күні құтты болсын!

14 октября 2026
БАЙҚОҢЫР АУДАНЫНДА «FLY-PARK LAST RIDE26» ЖАСТАР СПОРТТЫҚ ІС-ШАРАСЫ ӨТТІ

Елордалық Байқоңыр ауданындағы Ататүрік саябағында орналасқан Fly Park скейт алаңында «Fly-Park LAST RIDE26» жастар спорттық іс-шарасы өтті.

Іс-шара экстремалды спорт түрлеріне қызығатын жастардың басын қосып, BMX Freestyle және трюктік самокат (Scoot) бағыттары бойынша жарыстар ұйымдастырылды. Жарысқа 12 мен 25 жас аралығындағы 100-ден 200-ге дейін қатысушының қатысты.

Іс-шараның негізгі мақсаты – жастар үшін қауіпсіз әрі қолайлы спорттық орта қалыптастыру, көше спортын дамыту және бос уақытты тиімді ұйымдастыру. Сонымен қатар кәмелетке толмағандар мен жастар арасында құқық бұзушылықтың, вандализмнің және зиянды әдеттердің алдын алуға ерекше назар аударылды.

Мұндай бастамалар жастарды спортқа баулып, олардың белсенділігін арттыруға, қалалық инфрақұрылымға жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыруға және жастар бастамаларын қолдауға ықпал етеді.

14 октября 2026
БАЙҚОҢЫР АУДАНЫНДА СУ ТАСҚЫНЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Байқоңыр ауданында су тасқынының алдын алу мақсатында арық желілерін салу және қолданыстағы арық жүйелерін тазарту жұмыстары белсенді түрде жүргізілуде.

Қазіргі уақытта Өндіріс тұрғын алабындағы Шонанұлы көшесінде ұзындығы шамамен 200 метр болатын арық желісін салу жұмыстары жүргізілуде.

Жыл басынан бері аудан аумағында жалпы ұзындығы 1 200 метр арық желісін салу жоспарланған.

Аталған жұмыстар су тасқынының алдын алуға, көктемгі қардың еруі мен жауын-шашын кезеңінде су басу қаупін азайтуға, сондай-ақ су бұру жүйесінің тиімділігін арттыруға бағытталған.

08 октября 2026
ҚЫС МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ – БАСТЫ НАЗАРДА
Байқоңыр ауданында қысқы маусымға дайындық жұмыстары жүргізілуде. Осыған орай, Астана қаласы Байқоңыр ауданының әкімі Нұрлан Алимжанов аудан аумағындағы арнайы техникалардың қысқы кезеңге дайындығын тексерді.
 
Алдағы қыс мезгілінде қар тазалау және қысқы күтіп-ұстау жұмыстарына 250-ден астам арнайы техника мен 350-ге жуық жұмысшы жұмылдырылу жоспарлануда.
 
Тексеру барысында арнайы техникалардың жарамдылығый, қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілуі, жанар-жағармай қоры және қар тазалау жұмыстарына дайындығы қаралды.
 
Аудан әкімі жауапты қызметтерге техникалардың уақытылы жұмысқа шығуын қамтамасыз етуді, жұмыстарды нақты үйлестіруді және тұрғындардан келіп түсетін өтініштерге жедел ден қоюды тапсырды.
 
Негізгі міндет — қысқы кезеңде қар тазалау жұмыстарын сапалы әрі уақтылы жүргізіп, тұрғындар үшін қауіпсіз әрі қолайлы жағдай жасау.
01 октября 2026
ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ҰСЫНЫСТАРЫ НЕГІЗІНДЕ АУЛА АУМАҒЫ РЕТКЕ КЕЛТІРІЛДІ

Тұрғындармен кездесулер барысында көтерілген мәселелер аясында Отырар көшесі, 2 және 2/1 үйлерінің ауласында абаттандыру жұмыстары жүргізілді.

Жұмыстар барысында тұрғындардың күнделікті жүріп-тұруына қолайлы жағдай жасауға ерекше назар аударылды. Тұрғын үйге іргелес аумақта жаяу жүргіншілерге арналған кеңістік кеңейтіліп, қозғалысқа қолайлы жағдай жасалды. Ауладағы ескі асфальт жабыны жаңартылды.

Сонымен қатар, ауладағы көлік қозғалысын реттеу мақсатында тұраққа арналған алаң ретке келтіріліп, тиісті жолақ белгілері салынды. Тұрғындардың тынығуына арналған орындықтар да орнатылды.

Жүргізілген жұмыстар нәтижесінде аумақтың жалпы көрінісі жақсарып, тұрғындар үшін қауіпсіз әрі жайлы орта қалыптасты.

01 октября 2026
БАЙҚОҢЫР АУДАНЫНДА ҚОҒАМДЫҚ ТАМАҚТАНУ ОРЫНДАРЫНДА ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ БОЙЫНША РЕЙД ЖАЛҒАСУДА

Елордалық Байқоңыр ауданында қоғамдық тамақтану орындарында өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында рейдтік іс-шаралар жалғасуда.

Іс-шара аудан әкімдігі мен Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлерінің қатысуымен өткізілуде. Рейд барысында қоғамдық тамақтану орындарындағы өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуы тексеріліп, кәсіпкерлер мен қызметкерлерге қауіпсіздік шаралары түсіндірілуде.

Жыл басынан бері аудан аумағындағы 115 қоғамдық тамақтану нысанында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Мамандар өрттің алдын алу, эвакуациялық шығу жолдарын ашық ұстау, алғашқы өрт сөндіру құралдарының жарамдылығын қамтамасыз ету және электр жабдықтарын қауіпсіз пайдалану қажеттігін атап өтті.

Түсіндіру жұмыстары мен рейдтер аудан аумағында тұрақты түрде жалғасатын болады.

28 сентября 2026
БАЙҚОҢЫР АУДАНЫНЫҢ АҚБҰЛАҚ ЖАҒАЛАУЫНДА 130 ТҮП ЖАСЫЛ ЖЕЛЕК ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ

Елордалық Байқоңыр ауданында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Ақбұлақ өзенінің жағалауында 100-ден астам студенттің қатысуымен 130 түп жасыл желек отырғызылды.

Оның ішінде 70-тен астамы – ірі көлемді ағаштар, ал 50-ге жуығы – бұталар. Жас көшеттер жағалау аумағын көгалдандырып, қоғамдық кеңістіктің көркін арттыруға және экологиялық ортаны жақсартуға үлес қосады.

Игі бастамаға белсенді қатысқан жастар қоршаған ортаны қорғау мен туған қаланы абаттандыруға өз үлестерін қосты.

Байқоңыр ауданында күзгі көгалдандыру жұмыстары жалғасуда. Мұндай экологиялық шаралар тұрғындар мен жастарды табиғатты аялауға, қоғамдық кеңістіктерді таза ұстауға және елорданың жасыл қорын көбейтуге бағытталған.

28 сентября 2026
А. ИМАНОВ КӨШЕСІНДЕГІ ҮЙДІҢ ҚАСБЕТІНЕ СӘНДІК ЖАРЫҚТАНДЫРУ ОРНАТЫЛДЫ
Елордалық Байқоңыр ауданында қаланың сәулеттік келбетін жақсарту және қоғамдық кеңістіктердің тартымдылығын арттыру бағытындағы жұмыстар жалғасуда.
 
Бүгінгі таңда А. Иманов көшесіндегі көпқабатты тұрғын үйдің қасбетіне сәндік жарықтандыру жұмыстары жүргізілді.
 
Жаңа жарықтандыру ғимараттың сәулеттік ерекшелігін айқындап, кешкі уақытта көшенің көркін аша түседі.
24 сентября 2026
БІРЕУГЕ ЕРМЕК — БІРЕУГЕ ЕҢБЕК: БАЙҚОҢЫР АУДАНЫНДА ЗАҢСЫЗ ГРАФФИТИЛЕР МЕН ЖАЗУЛАРДЫ ТАЗАРТУ ЖҰМЫСТАРЫ БЕЛСЕНДІ ЖАЛҒАСУДА

Елордадағы Байқоңыр ауданында қоғамдық орындарды заңсыз граффитилер мен жазулардан тазарту жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде.

Бүгін жерасты өткелдерінің бірінде аудан әкімдігі, аудандық полиция басқармасының қызметкерлері және еріктілердің қатысуымен тазалық жұмыстары ұйымдастырылды. Қабырғалардағы заңсыз жазулар өшіріліп, өткел ретке келтірілді.

Біреуге ермек болған әрекет — біреудің еңбегі. Қоғамдық орындардағы әрбір жазу мен сызу оны қайта тазартуға уақыт пен күш жұмсауды талап етеді.

Қаланың тазалығы — тек коммуналдық қызметтердің емес, барша тұрғынның ортақ жауапкершілігі. Қоғамдық кеңістікті бірге таза ұстайық.

21 сентября 2026
«Астана қаласы Байқоңыр ауданы әкімінің аппараты» ММ 2026–2028 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламалары паспорттарының жобаларын «Ашық бюджеттер» порталында орналастыру туралы (жергілікті бюджеттің 2-нақтылауы) ПРЕСС-РЕЛИЗ

«Астана қаласы Байқоңыр ауданы әкімінің аппараты» ММ 2026–2028 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламалары паспорттарының жобаларын «Ашық бюджеттер» порталында орналастыру туралы (жергілікті бюджеттің 2-нақтылауы) ПРЕСС-РЕЛИЗ

Осы арқылы азаматтардың назарына «Электрондық үкімет» порталындағы «Ашық бюджеттер» бөлімінде «Астана қаласы Байқоңыр ауданы әкімінің аппараты» ММ 2026–2028 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламаларының паспорттары (жергілікті бюджеттің 4-нақтылауы) қоғамдық талқылау үшін орналастырылғанын хабарлаймыз.

Сілтеме:
https://budget.egov.kz/arm/#/admin/budget-programs/list/published

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы