Меню

Страницы

Статья

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі

Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау жүйесінде орын алған басты  өзгеріс 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің толығымен іске қосылуы. Бұл еліміздің әр азаматына қатысы бар реформа. Сондықтан медсақтандыру деген не, оның тиімділігі мен берер мүмкіндіктері жайлы ақпаратпен таныс болған абзал. Сонымен, бұл қызметке қол жеткізу үшін мынадай қадамдар жасалады:

  1. Әлеуметтік мәртебені анықтау

Әлеуметтік мәртебені egov.kz порталы арқылы білуге болады. egov.kz сілтемесі арқылы порталға кіргеннен кейін ЖСН енгізу арқылы берілген статусты таңдау.

  1. Емханаға тіркелу

Емханаға тұрғылықты жері бойынша тіркелуге болады. Сондай-ақ, жалпы практика дәрігерін немесе тіркелген емханадағы учаскелік дәрігерді таңдау.      

Бастапқы медициналық-санитарлық көмекті Медициналық сақтандыру қорымен келісімшарт бекіткен мемлекеттік немесе жеке меншік емханалар көрсетеді.Медициналық сақтандыру жүйесіне қатысушылар табысы мен төлеген жарнасының көлеміне қарамастан, мемлекет кепілдік берген барлық медициналық қызмет түрлерін пайдалана алады. МӘМС пакетіне келесі медициналық қызметтер кіреді:

  • амбулаториялық жағдайда мамандандырылған медициналық көмек, оның ішінде:

1) профилактикалық медициналық тексерулер;

2) бейінді дәрігерлердің учаскелік дәрігердің жолдамасы бойынша қабылдауы мен консультациясы;

3) бейінді мамандардың созылмалы аурулары бар адамдарды динамикалық бақылауы;

4) уәкілетті орган бекіткен тізбе бойынша халықтың жекелеген санаттарына шұғыл және жоспарлы нысанда стоматологиялық көмек көрсету;

5) диагностикалық қызметтер, оның ішінде зертханалық диагностика (УДЗ, рентген, КТ, МРТ).

  • мамандандырылған, оның ішінде жоғары технологиялық, стационарлық медициналық көмек (жоспарлы және шұғыл нысанда, оның ішінде тәуліктік стационардың қабылдау бөлімшесінде емдеу-диагностикалық іс-шаралар өткізу));
  • медициналық оңалту.
  • стационарлық және стационарды алмастыратын жағдайларда мамандандырылған медициналық көмек көрсету кезінде дәрілік заттармен қамтамасыз ету.

   Амбулаториялық жағдайларда белгілі бір аурулары бар азаматтардың жекелеген санаттары үшін уәкілетті орган бекітетін медициналық бұйымдар тізбесіне сәйкес жүргізіледі.

    2022 жылдың 1 қаңтарынан ең төменгі жалақы мен айлық есептік көрсеткіштің өсуіне байланысты Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға төленетін жарна мен аударымдардың мөлшері өзгерді.

   Айта кетері, жаңа жылдан бастап ең төменгі жалақы 42 500 теңгеден 60 000 теңгеге дейін өсті.

Тиісінше, 2022 жылы МӘМС төлемдері де артты:

Бірыңғай жиынтық төлем (өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін) мөлшері:

Дербес төлеушілер ең төменгі жалақының 5%-ін немесе 3 мың теңге төлейді.

Жеңілдікке ие 15 санатқа жататын азаматтар үшін жарнаны мемлекет аударады. Бүгінде мұндай тұрғындардың саны 11 миллионнан асады. Бір адам үшін жарна мөлшері – 3 614,2 теңге.

   Қордың басты міндеттерінің бірі- науқас құқығын қорғау.Сол себепті  медициналық ұйымдарда қызмет алу кезінде мынадай қолдау іске асырылады:

  • науқастарды қолдау қызметі. Бұл қызмет барлық медициналық ұйымдарда жұмыс істейді
  • облыстық денсаулық сақтау басқармасының байланыс орталығы қызметі
  • «Qoldau» 24|7 мобильді қосымшасы
  • Тelegram-дағы SaqtandyryBot
  • 1406 бірыңғай байланыс орталығы
  • kz сайтындағы «Халықтық бақылау» бөлімі
Дата публикации
15 февраля 2022
Дата обновления
15 февраля 2022
Тип

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
28 сентября 2026
«БАЙҚОҢЫР» АУДАНЫНДА АУЛАЛАРДЫ АБАТТАНДЫРУ МАУСЫМЫ АЯҚТАЛДЫ
11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
Хабарлама
24 апреля 2023
ҰОС АРДАГЕРЛЕРІ МЕН ТЫЛ ЕҢБЕККЕРЛЕРІНЕ ТЕГІН МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТІЛЕДІ

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы