Елордалық «Байқоңыр» ауданында биылғы аулаларды абаттандыру маусымы аяқталды. Жыл басынан бері аудан аумағындағы аулаларды кешенді жаңарту және тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыру бағытында ауқымды жұмыстар жүргізілді.
Биыл барлығы 107 аула жаңартылып, пайдалануға берілді. Оның ішінде 17 аулада кешенді абаттандыру жұмыстары жүргізілсе, оның 11-і «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында жүзеге асырылды.
Аулаларда балалар ойын және спорт алаңдары жасақталып, демалыс және воркаут аймақтары жайластырылды. Сонымен қатар жаяу жүргіншілер жолдары ретке келтіріліп, автотұрақ орындары абаттандырылды. Тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қосымша жарықтандыру жұмыстары жүргізілді.
Аула аумақтарын жаңарту барысында тұрғындардың ұсыныстары мен қажеттіліктері ескерілді. Жүргізілген жұмыстардың негізгі мақсаты – тұрғындарға қауіпсіз, жайлы әрі қолайлы аула ортасын қалыптастыру.
Аулалардың көркеюіне белсенді атсалысып, өз ұсыныстары мен бастамаларын білдірген әрбір тұрғынға алғыс білдіреміз.
Алдағы уақытта да аудан аулаларының жағдайын жақсарту, абаттандыру деңгейін арттыру және тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыру жұмыстары жалғасын табады.