Елордамызда Жеңіс күніне орай, дәстүрлі акция өткізілмек. Оның аясында Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен тыл еңбеккерлері, ауған соғысының ардегерлеріне тегін медициналық көмек көрсетіледі.
Олар арнайы мамандардың қабылдауларында болып, медицина орталығында тегін және тұрақты түрде медициналық тексеріс пен кеңес беру-диагностикалық көмек ала алады.
Бүгінгі таңда еліміздегі егде жастағы азаматтарының денсаулығын жақсарту және өмір жасын ұзарту – Президент саясатының ең басты міндеттерінің бірі. Қарттарымыздың өмірлік тәжірибелері мен ақыл-кеңестерінің орны біз үшін қашан да бөлек.
Айта кетейік, акция мерзімі шектеусіз. Яғни, арнайы тағайындалған медицина орталықтары әрбір соғыс және тыл ардагеріне таңғы сағат 8:00-ден кешкі 18:00-ге дейін аптаның кез келген күнінде тегін қызмет көрсететін болады.
Төменде, «Байқоңыр» ауданы бойынша қабылдайтын медициналық орталықтар мен олардың қабылдау кестесін назарларыңызға ұсынамыз:
1. Астана қ. «№8 қалалық емханасы» ШЖҚ МКК
Мекен-жайы: Сембинов көшесі, 4/1
Қабылдау кестесі: 139 кабинет, сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін
2. Астана қаласы әкімдігінің «Достық» алғашқы медициналық-санитарлық көмек орталығы» ШЖҚ МКК
Мекен-жайы: Досмухамедұлы көшесі, 24
Қабылдау кестесі: 2 апта жұмыс істейді, стационарлық бөлімшеде қабылдайды, 223 кабинет, 9.00-ден 12.00-ге дейін