Меню

Страницы

Статья

«ҮЗДІК САНЖАБДЫҚ ТЕХНИГІ» байқауы

Құрметті аудан тұрғындары!

Санжабдық технигі – мамандықтардың ішінде ең маңызды салалардың бірі болып табылады. Коммуналдық сала қызметін арқалаған адамдар өздерінің жұмыстарының қаншалықты құрметті және беделді екенін сезінуі өте маңызды.

Осыған орай, «Байқоңыр» ауданы әкімінің аппараты жылдағы дәстүрге сай «ҮЗДІК САНЖАБДЫҚ ТЕХНИГІ» байқауын жариялайды.

Байқауға «Байқоңыр» ауданы аумағында жұмыс жасайтын кез келген санжабдық технигі өзін ұсынып, қатыса алады немесе аудан аумағындағы ПИК, МИБ, ЖШС, ЖК өкілдері өздерінің қарамағындағы аула жинаушыларын ұсынуға болады.

Байқаудың шарттары:
- Байқауға қатысатын азамат немесе азаматша өзінің суреті мен жеке құжаттамаларын +7 701 055 5979 Whatsapp нөміріне жолдау;
- «Байқоңыр» ауданының @baiqonyr_audany ресми парақшасына тікелу;

🗓Байқауға өтінімдер 13 наурызға дейін қабылданады

14-19 наурыз аралығында байқауға қатысушы үміткерлер іріктеліп, үздігі анықталады.

Байқау жеңімпазына «Байқоңыр» ауданы әкімінің аппараты атынан еліміздің әр өңіріндегі шипажайларға жолдамалар беріледі.

Ендеше, барша сала қызметкерлерін байқауға қатысуға шақырамыз!

Дата публикации
23 февраля 2023
Дата обновления
23 февраля 2023
Тип
Тұрғындарға арналған ақпарат

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
28 сентября 2026
«БАЙҚОҢЫР» АУДАНЫНДА АУЛАЛАРДЫ АБАТТАНДЫРУ МАУСЫМЫ АЯҚТАЛДЫ
11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
Хабарлама
24 апреля 2023
ҰОС АРДАГЕРЛЕРІ МЕН ТЫЛ ЕҢБЕККЕРЛЕРІНЕ ТЕГІН МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТІЛЕДІ

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы