Астана қаласы «Байқоңыр» ауданы әкімінің аппараты» ММ (бұдан әрі – «Аппарат») 2023 жылғы 16 наурыздан бастап Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуді бастау жоспарланғанын хабарлайды.
«Байқоңыр» ауданы әкімінің 16.03.2023 ж. №04-03/72 өкіміне сәйкес аппарат қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілетін болады.
Жоғарыда көрсетілген өкімге сәйкес жұмыс тобы абаттандыру, тіршілікті қамтамасыз ету, мемлекеттік сатып алу, инфрақұрылым, кәсіпкерлікті қолдау бөлімдеріне, өндірістік-техникалық бөлімге, азаматтық хал актілерін тіркеуге, қаржы-шаруашылық бөліміне, персоналды басқару қызметіне және аппараттың әлеуметтік саласына қатысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне 2023 жылғы Ереженің 8-тармағында көзделген бағыттар бойынша ішкі талдау жүргізетін болады.
- бөлімшенің қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
- бөлімшенің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау 2023 жылғы 16 наурыз бен 28 сәуір аралығында жүргізілетін болады.
Талдамалық анықтаманы келісу және оған қол қою 2023 жылғы 28 шілдеде жүргізіледі;
Бірінші басшы талдамалық анықтаманы қарауды 2023 жылғы 2 мамырда өткізетін болады.