
Осыған орай, қалалық мәслихат депутаттарымен бірлесіп Оңтүстік-Шығыс ықшам ауданыны тұрғындарымен кездесіп, проблемалық сұрақтарды талқыладық.
Қазу жұмыстарын жүргізу кезінде абаттандыру элементтерінің бұзылу фактілеріне аса назар аударып, анықталған кемшіліктерді аз уақыт мерзімде жою туралы тапсырма бердім.
Сонымен қатар жол құрылысы барысымен таныстық. Үстіміздегі жылы Оңтүстік-Шығыс ықшам ауданының 13 көшесін асфальттау жоспарланып отыр.
Бүгінгі таңда Кеңгір, Бұқтырма, Есіл көшелерінде инженерлік жүйелерді салу жұмыстары аяқталды.
Осыған орай, тұрғындардан уақытша туындаған қолайсыздық үшін кешірім сұрай отырып, түсінушілік білдірулеріңізді сұраймыз.