«БЖЗҚ» АҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік
және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы «БЖЗҚ» АҚ-ның құрылтайшысы әрі акционері болып табылады. «БЖЗҚ» АҚ-ның мемлекеттік акциялар пакеті Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сенімгерлік
басқаруында тұр. «БЖЗҚ» АҚ-ның зейнетақы активтерін басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Қазақстан
Республикасының Президенті жанындағы Зейнетақы активтерін басқару жөніндегі кеңеспен бірлесіп
жүзеге асырады. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес 2016 жылғы 1 қаңтардан
бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру жөніндегі ұсынымдар жасау функциялары
Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық Қорды басқару жөніндегі кеңеске
берілді. МИССИЯСЫ: Қызмет сапасын көтеру, зейнетақы активтерін дұрыс есепке алу, сондай-ақ зейнетақы
жинақтарын жоспарлау мәдениетін көтеру арқылы зейнетақы жинақтарын қалыптастыруда
салымшыларға ұйымдастырушылық көмек көрсету. КЕЛЕШЕК: БЖЗҚ – Қазақстан Республикасының жинақтаушы зейнетақы жүйесінің барлық қаржылық
және ақпараттық ағындарының сенімді бірыңғай басқарушысы және операторы.