"БЖЗҚ" АҚ-да (БЖЗҚ) "Ашық есік күні": ҚР Салық кодексіндегі біржолғы зейнетақы төлемдеріне салынатын салыққа қатысты өзгерістер туралы айтамыз, БЖЗҚ-ның цифрлық қызметтерімен таныстырамыз

Халық арасында жүргізілетін ақпараттық-түсіндіру жұмысы аясында 2024 жылғы 24 қыркүйекте "БЖЗҚ" АҚ "Ашық есік күнін" өткізеді. 

     Күннің басты тақырыбы - "ҚР Салық кодексіндегі біржолғы зейнетақы төлемдеріне салынатын салыққа қатысты өзгерістер. Цифрлық БЖЗҚ –салымшыларға ыңғайлы болу үшін".

     Алдағы іс-шара барысында Қор мамандары жаңа Салық кодексіндегі зейнетақы төлемдеріне қатысты негізгі өзгерістер, сондай-ақ БЖЗҚ-ның цифрлық форматта көрсететін қызметтері туралы айтып береді.

     Естеріңізге сала кетейік, "Ашық есік күні " 2025 жылдың 24 қыркүйегінде сағат 10:00 және 12:00-де онлайн-форматта өткізіледі.

 

Іс-шараға қатысу үшін әрбір қатысушыға сілтеме бойынша өту қажет:

 

Сағат: 10:00  

         Іс-шараға қатысу үшін сілтеме: https://enpf.webex.com/enpf/j.php?MTID=m822478d422532661a572458472c54f70

Еvent-кеңестің нөмірін: 2511 372 7416

Еvent-кеңестің паролін: 123456

 

Сағат: 12:00 

         Іс-шараға қатысу үшін сілтеме: https://enpf.webex.com/enpf/j.php?MTID=m38abb816c17108b0831e85eed05d494f

Еvent-кеңестің нөмірі: 2519 608 3978

Еvent-кеңестің паролі: 123456 

      "БЖЗҚ" АҚ өз салымшыларын (алушыларын) және барлық ниет білдірушілерді "Ашық есік күнінде" күтеді!

Дата публикации
16 сентября 2025