№1 ЖОБА. «СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНЕ
ІШКІ ТАЛДАУ»
Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жүйесінде негізгі буын ретінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін, олардың туындауына ілеспе себептер мен жағдайларды анықтау және азайту болып айқындалды.
Мемлекеттік және жеке секторда сыбайлас жемқорлықтың себептері мен жағдайларын болдыртпау мақсатында 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңда (бұдан әрі-Заң) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін сыбайлас жемқорлық факторларын анықтауға және зерделеуге бағытталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қарастырылды.
Заң талаптарына сәйкес барлық мемлекеттік органдар, ұйымдар және квазимемлекеттік сектор субъектілері сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүзеге асырады, оның нәтижелері бойынша сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөнінде шаралар қабылдайды.
Бұл жоба сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу тәртібін және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жоюды айқындайды.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес (Агенттік Төрағасының 2023 жылғы 16 қаңтардағы №21 бұйрығымен бекітілген) сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау субъектісінің бірінші басшысы айқындайтын құрылымдық бөлімше, лауазымды адам (лауазымды адамдар) немесе оның шешімімен құрылатын жұмыс тобы жүргізеді.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жылына кемінде бір рет, 30 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жүргізу ұсынылады. Егер бұрын мемлекеттік органда сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізілсе, онда ішкі талдау ол аяқталған сәттен бастап бір жыл өткен соң жүргізіледі.
Ақпаратты дайындау, өткізу, жинау және талдау, сыбайлас жемқорлық факторларын айқындау жөніндегі іс-шаралар Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдарда (Агенттік Төрағасының 2022 жылғы 30 желтоқсандағы №488 бұйрығымен бекітілген) көрсетілген.
Мақсаты - мемлекеттік органдарда сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаулардың сапасын арттыру, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі ұсынымдардың орындалуын бақылау және мониторингтеу, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдарды айқындау болып табылады.
1-тапсырма. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау
жүргізу және анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою
1-қосалқы тапсырма. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу кестесін бекіту.
Орталық мемлекеттік органның басшысы, әкім мемлекеттік органның бүкіл жүйесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы шешім қабылдаған жағдайда, талдау объектілерін және олардың әрқайсысында оны жүргізудің нақты мерзімдерін көрсете отырып, тиісті кесте жасау ұсынылады.
Орталық мемлекеттік орган үшін Комитеттерге, Қызметтерге, Департаменттерге бірыңғай кесте жасалуы мүмкін, ЖАО үшін мұндай кестені облыстық басқармалар, республикалық маңызы бар қалалар, аудандар мен қалалардағы басқармалар бойынша облыс және республикалық маңызы бар қалалар әкімінің аппараттары бөледі.
Бекітілген кесте растаушы құжат болып табылады.
2-қосалқы тапсырма. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегі бұйрықты бекіту.
Мемлекеттік органның басшысы белгілі кезеңде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы бұйрықты бекітеді.
Мемлекеттік орган, ұйым, квазимемлекеттік сектор субъектілері басшысының шешімінде көрсетілген белгіленген мерзімдерді сақтау мақсатында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегі жұмыс жоспарын әзірлеу ұсынылады.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегі жұмыс жоспары жұмыс түрлерін, оларды орындау мерзімдерін және жауапты тұлғаларды айқындауды көздейді.
Бекітілген бұйрық растаушы құжат болып табылады.
3-қосалқы тапсырма. Интернет-ресурста, БАҚ-та және әлеуметтік желілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің басталғаны туралы хабарландыру.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің басталғаны туралы анонс жұртышылықты хабардар ету және оларды сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу процесіне тарту үшін (талдау жүргізу туралы бұйрыққа енгізу үшін) өткізіледі. Растайтын құжат интернет-ресурс пен БАҚ-қа сілтеме болып табылады. Хабарландыруды жүргізу мерзімі: сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау басталғанға дейін 10 жұмыс күні бұрын.
Интернет-ресурстағы, БАҚ-та және әлеуметтік желілердегі жарияланымға сілтеме растайтын құжат болып табылады.
4-қосалқы тапсырма. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау күні туралы интернет-ресурста, БАҚ-та және әлеуметтік желілерде жариялау.
Анонс сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін талқылау бойынша жұртшылықты хабардар ету үшін жүргізіледі. Анонсты өткізу мерзімі: сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау аяқталғанға дейін 10 жұмыс күнінен кешіктірмей. Интернет-ресурста, БАҚ-та және әлеуметтік желілерде жариялау сілтемесі растайтын құжат болып табылады.
5-қосалқы тапсырма. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау.
Іс-шара сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау және жұртшылықтан кері байланыс алу үшін өткізіледі. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін, оның ішінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау субъектісінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі алқалы, консультативтік-кеңесші органдарының отырыстарында талқылау ұсынылады.
Жария талқылаулардың нәтижелері ресми интернет-ресурста, БАҚ-та және әлеуметтік желілерде жарияланады.
Талқылауды өткізу мерзімі: сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау аяқталғанға дейін 5 жұмыс күнінен кешіктірмей. Бекітілген жария талқылау хаттамасы және жарияланымға сілтеме растайтын құжат болып табылады.
6-қосалқы тапсырма. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша талдамалық анықтамаға қол қою.
Уәкілетті тұлға сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау жөніндегі жұмыс мерзімі аяқталғаннан кейін анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдері және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою бойынша ақпаратты және ұсынымдарды қамтитын талдамалық анықтама жасайды.
Талдамалық анықтаманың үлгілік құрылымы Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бойынша әдістемелік ұсынымдардың
№2 қосымшасында көрсетілген.
Анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөніндегі ұсынымдар заңды, тиімді, орындалатын және талдау объектісінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жоюға бағытталған болуға тиіс.
Талдамалық анықтамаға сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау аяқталған күннен бастап сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау субъектісінің басшысы 10 жұмыс күнінен кешіктірмей қол қояды.
Бекітілген талдамалық анықтама растаушы құжат болып табылады.
7-қосымша тапсырма. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін жағдайлар мен себептерді жою бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлеу.
Уәкілетті тұлға талдау объектісінің құрылымдық бөлімшелерімен бірлесіп талдамалық анықтамаға қол қойылған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлейді.
Іс-шаралар нақты сипатта болуы және анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою үшін жеткілікті болуы тиіс.
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспары Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдардың 5-қосымшасына сәйкес жасалады.
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі бекітілген іс-шаралар жоспары растаушы құжат болып табылады.
8-қосалқы тапсырма. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау объектісінің интернет-ресурсында талдамалық анықтама мен
іс-шаралар жоспарын орналастыру.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін жағдайлар мен себептерді жою бойынша талдамалық анықтама және іс-шаралар жоспары бекітілген күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде құпиялылық режимін, қызметтік, коммерциялық немесе Қазақстан Республикасының заңымен қорғалатын өзге де құпияны қорғау жөніндегі талаптардың сақталуын қамтамасыз етуді ескере отырып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау субъектісінің интернет-ресурсында орналастырылады.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін жағдайлар мен себептерді жою бойынша талдамалық анықтама және
іс-шаралар жоспары мемлекеттік органның жұртшылық алдында ашықтығы және жүргізілген жұмыс нәтижелерімен танысу жұмысы шеңберінде орналастырылады.
Іс-шаралар жоспарын мемлекеттік органның, ұйымның, квазимемлекеттік сектор субъектісінің басшысы бекітеді.
Интернет-ресурсқа сілтеме растайтын құжат болып табылады.
9-қосалқы міндет. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижесінде берілген ұсынымдарды орындау туралы ақпаратты дайындау арқылы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жоюды мониторингтеу.
Уәкілетті тұлғаның ұсынымдарды орындау мониторингін талдамалық есепке қол қойылған күннен бастап 1 жыл ішінде жүргізу ұсынылады.
Талдау объектісінің құрылымдық бөлімшелері тоқсан сайын талдамалық есепке қол қойылған күннен бастап есепті кезеңнен кейінгі айдың 5-інен кешіктірмей уәкілетті тұлғаға растау құжаттары және ұсынымдарды іске асыру барысы туралы ақпаратты жіберу қажет.
Уәкілетті тұлға ұсынымдарды, растайтын құжаттарды орындау туралы ақпаратты алған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде оларды қарауға және ұсынымдарды іске асыру мониторингі нәтижелерін қалыптастыруға міндетті.
Талдау объектісінің ақпаратын қарау нәтижелері бойынша ұсыныстардың орындалу статусы анықталады.
Іс-шаралар жоспарында көрсетілген аяқтау нысанына сәйкес іс-шараны өткізу арқылы анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелі толық көлемде жойылған жағдайда ұсыныс орындалған болып есептеледі.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау объектісі Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдардың 7-қосымшасына сәйкес ұсынымдарды орындау мониторингінің нәтижелері туралы анықтама әзірленеді.
2-тапсырма. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдар тізілімін әзірлеу
1-қосалқы тапсырма. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерiне iшкi талдау жүргiзу нәтижелерi бойынша айқындалған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерiне шалдыққан лауазымдардың тiзбесi.
Осы тізбені Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бойынша әдістемелік ұсынымдарға сәйкес сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезінде уәкілетті тұлғалар анықтайды, нәтижелері бойынша олардың тізбесі Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бойынша Әдістемелік ұсынымдардың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жасалады.
Әрбір мемлекеттік органда және квазимемлекеттік сектор субъектісінде жеке тізім жасалады және облыс, республикалық маңызы бар қала әкімінің аппаратындағы әдеп жөніндегі уәкілге/орталық мемлекеттік органның орталық аппаратына жинақтау үшін жіберіледі.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұшырайтын лауазымдардың тізбесін уәкілетті органдар және өзге де құрылымдық бөлімшелер немесе мемлекеттік органдардың, ұйымдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдарды атқаратын адамдармен профилактикалық жұмысты ұйымдастыратын, Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамасының сақталмауының алдын алу жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын тұлғалар пайдаланады.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша ресімделген лауазымдардың бекітілген тізбесі растайтын құжат болып табылады.