«Нұр-Сұлтан қаласы «Алматы» ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі хабарлайды:
Нұр-Сұлтан қаласы «Алматы» ауданы әкімінің аппараты инфрақұрылым бөлімінің басшысы (Е-3 санаты, 1 бірлік)
«Б» корпусы бос әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға қатысушылардың болмағандығына байланысты, ішкі конкурс жарамсыз деп танылып, жалпы конкурс жариялауға ұсынылсын.
Құрметті бос лауазымға орналасуға үміткерлер!
Өткізілген конкурстың әңгімелесу барысына қатысты пікірлеріңіз немесе шағымдарыңыз болса Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаментінің 24-89-28, 24-89-29 телефондарына хабарласа аласыздар.
Барлық конкурс қатысушыларына қызығушылық танытқандарыңызға алғасымызды білдіреміз! Қосымша ақпарат алу үшін 8 (7172) 363890 телефондарына хабарласыңыз.