«БАЛАНЫҢ ТУУЫН МЕМЛЕКЕТТІК ТІРКЕУ»
ҚЫЗМЕТІ БОЙЫНША ЖАДНАМА
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру мынадай баламалы негізде:
1) жергілікті атқару органдары;
2) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің РМК-нің филиалы;
3) «электрондық үкіметтің» веб-порталы» www.egov.kz арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
- көрсетілетін қызметті берушіге немесе орталыққа – 2 (екі) жұмыс күні;
- порталда – өтінішті алғандығын растау және тууды тіркеу күнін, уақытын белгілеу бөлігінде ақпаратты бір жұмыс күні ішінде алу.
Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет ақылы/ақысыз көрсетіледі. Тууды мемлекеттік тіркеу ақысыз көрсетіледі. Туу туралы акт жазбасын өзгертуге, толықтыруға, түзетуге және қалпына келтіруге байланысты куәлік бергені үшін 0,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде мемлекеттік баж алынады.
Қажетті құжаттардың тізбесі:
1) жеке басын куәландыратын құжат (тұлғаны сәйкестендіру үшін);
2) белгіленген нысандағы өтініш;
3) 2008 жылға дейін неке қиюды тіркеген адамдар үшін ата-анасының неке қию (ерлі-зайыптылық) туралы куәлігінің көшірмесі;
4) туу туралы медициналық куәлігін немесе туу фактісін белгілеу туралы сот шешімінің көшірмесі (ақпарат жүйесінде мәліметтер болмаған жағдайда);
5) көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген жағдайда нотариатта куәландырылған сенімхат.
Белгіленген мерзімді бұза отырып баланың тууын тіркеген жағдайда қосымша ұсынылады:
1) ата-анасының түсініктеме жазбалары;
2) баланың туған жері мен ата-анасының тұрғылықты жері бойынша туу туралы акт жазбасының жоқтығы туралы аумақтық әділет органының анықтамасы (бала 2008 жылға дейін туған жағдайда);
3) көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген жағдайда нотариатта куәландырылған сенімхат.
Жұмыс кестесі:
- көрсетілетін қызметті берушіде – дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.
- орталықта – дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін үзіліссіз;
«НЕКЕ ҚИЮДЫ (ЕРЛІ-ЗАЙЫПТЫ БОЛУДЫ) МЕМЛЕКЕТТІК ТІРКЕУ» ҚЫЗМЕТІ БОЙЫНША ЖАДНАМА
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:
1) жергілікті атқару органдары;
2) «электрондық үкіметтің» веб-порталы» www.egov.kz арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
- көрсетілетін қызметті берушіге - порталда - құжаттар топтамасын тапсырған кезден бастап;
- неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) тіркеу некеге тұруға (ерлі-зайыпты болуға) ниет білдірушілердің өтініш берген күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн өткеннен кейін жүргізіледі.
Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз жүзінде.
Мемлекеттік қызмет ақылы түрде көрсетіледі.
- неке қиюды мемлекеттік тіркеу үшін 1 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде мемлекеттікба жалынады;
- неке туралы акт жазбасын өзгеруге, толықтыруға, түзетуге және қалпына келтіруге байланысты куәлік берген үшін 0,5айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде мемлекеттік баж алынады.
Қажетті құжаттардың тізбесі:
шетелдіктер қосымша мыналарды:
Жұмыс кестесі:
- көрсетілетін қызметті берушінің –дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін, үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін;
- порталдың – тәулік бойы.
«БАСТАПҚЫ ЖӘНЕ ҚАЙТАДАН КУӘЛІКТЕРДІ БЕРУ»
ҚЫЗМЕТІ БОЙЫНША ЖАДНАМА
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:
1) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің РМК-нің филиалы;
2) «Электрондық үкіметтің» веб-порталы» www.egov.kz арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
- құжаттар топтамасын тапсырған кезден бастап: орталыққа – күнтізбелік 5 (бес) күн, басқа мемлекеттік органдарға сұрау салу қажет болған кезде қарау мерзімі күнтізбелік 30 (отыз) күннен аспайтын уақытқа ұзартылады.
- порталда – өтінішті алғандығын растау бөлігінде бір жұмыс күні ішінде хабарлама алу.
Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
Мемлекеттік қызмет ақылы/ақысыз түрде көрсетіледі.
1) азаматтық хал актілерін тіркеу туралы куәлікті қайтадан бергені үшін–1 АЕК;
2) Қазақстан Республикасының азаматтарына азаматтық хал актілері туралы куәлікті бергені үшін – 0,3 АЕК;
3) азаматтық хал актілері туралы куәлікті ТМД елдерінен сұратып алдырған үшін – 0,5 АЕК;
4) азаматтық хал актілері туралы куәлікті ТМД елдерінен басқа шет мемлекеттерден сұратып алдырған үшін – 1 АЕК.
Қажетті құжаттардың тізбесі:
- орталықтың – дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, сағат 9.00-ден 20.00-ға дейін үзіліссіз;
- порталдың – тәулік бойы.
«АЗАМАТТЫҚ ХАЛ АКТІЛЕРІНІҢ ЖАЗБАЛАРЫН ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ» ҚЫЗМЕТІ БОЙЫНША ЖАДНАМА
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру баламалы негізде:
1) жергілікті атқару органдары;
2) ҚРКөлік және коммуникация министрлігінің Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің РМК-нің филиалы арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері: құжаттар топтамасын тапсырған кезден бастап, көрсетілетін қызметті берушіге немесе орталыққа –күнтізбелік 15 (он бес) күн, басқа мемлекеттік органдарға сұрау салу және қосымша зерделеу немесе тексеру қажет болған кезде –күнтізбелік 15 (он бес) күннен аспайтын уақытқа ұзартылады.
Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
Мемлекеттік қызмет ақылы/тегін көрсетіледі. Азаматтық хал актілерінің жазбаларын қалпына келтіруге байланысты куәліктер берілгені үшін 0,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде мемлекеттік баж алынады.
Қажетті құжаттардың тізбесі:
Қосымша мынадай құжаттардың:
9) егер некеде (ерлі-зайыптылықта) тұрған болса, неке қию (ерлі-зайыптылық) туралы куәлігінің;
10) егер бар болса, балалардың тууы туралы куәліктерінің;
11) ата-анасының жеке басын куәландыратын құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін) не ата-анасының қайтыс болуы туралы куәлігінің;
12) ата-анасының неке қию (ерлі-зайыптылық) туралы куәлігінің (егер бар болса);
13) көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген кезде нотариалды куәландырылған сенімхаттың;
14) егер көрсетілетін қызметті алушы зейнеткер болса, зейнеткер куәлігінің көшірмесі ұсынылады.
Заңды күшіне енген сот шешімі негізінде мемлекеттік қызмет көрсету кезінде қызмет алушы мыналарды ұсынады:
1) сот шешімі негізінде акт жазбасын қалпына келтіру туралы өтініш;
2) қызмет алушының жеке куәлігі (жеке басын сәйкестендіру үшін);
3) мемлекеттік тіркеу орны мен уақыты көрсетілген акт жазбасын қалпына келтіру туралы соттың заңды күшіне енген шешімі.
Жұмыс кестесі:
- көрсетілетін қызметті берушінің –дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін, түскі үзіліс 13.00 ден 14.30-ға дейін.
- орталықта –дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, сағат 9.00-ден 20.00-ға дейін үзіліссіз.
«ҚАЙТЫС БОЛУДЫ МЕМЛЕКЕТТІК ТІРКЕУ»
ҚЫЗМЕТІ БОЙЫНША ЖАДНАМА
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:
1) жергілікті атқару органдары;
2) ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің РМК-нің филиалы арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері: құжаттар топтамасын көрсетілетін қызметті берушіге тапсырған күннен бастап, қайтыс болуды тіркеу жөніндегі мемлекеттік қызмет 1 (бір) жұмыс күні ішінде көрсетіледі, қосымша зерделеу мен тексеруді жүргізу қажет болған кезде қарау мерзімі күнтізбелік 15 (он бес) күннен аспайтын уақытқа ұзартылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз жүзінде.
Мемлекеттік қызмет ақылы/ақысыз көрсетіледі.
- қайтыс болуды тіркеу жөніндегі мемлекеттік қызмет ақысыз көрсетіледі.
- қайтыс болу туралы актіге өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізілуіне байланысты куәлікті бергені үшін 0,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде мемлекеттік баж алынады.
Қажетті құжаттардың тізбесі:
Жұмыс кестесі:
- көрсетілетін қызметті берушінің –дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін;
- орталықта –дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, сағат 9.00-ден 20.00-ға дейін үзіліссіз.
«НЕКЕНІ (ЕРЛІ-ЗАЙЫПТЫЛЫҚТЫ) БҰЗУДЫ МЕМЛЕКЕТТІК ТІРКЕУ» ҚЫЗМЕТІ БОЙЫНША ЖАДНАМА
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру мынадай баламалы негізде:
1) жергілікті атқару органдары;
2) ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің РМК-нің филиалы;
3) «электрондық үкіметтің» веб-порталы»: www.egov.kz арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
1) құжаттардың топтамасын тапсырған кезден бастап, көрсетілетін қызметті берушіге немесе орталыққа: - сот шешімінің негізінде некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу, сот шешімінің негізінде белгіленген тәртіппен хабарсыз кеткен немесе жан күйзелісі сырқаты немесе ақыл-есінің кемдігі салдарынан әрекетке қабілетсіз деп танылған адамдармен, не қылмыс жасағаны үшін үш жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталған адамдармен некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу жөніндегі мемлекеттік қызмет сот шешімінің негізінде 2 жұмыс күні ішінде көрсетіледі, белгіленген құжаттарды қосымша тексеру қажет болған кезде мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі күнтізбелік 15 күнге дейін ұзартылады; Кәмелетке толмаған балалары жоқ ерлі-зайыптылардың өзара келісімі бойынша некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу күнтізбелік 30 күннің ішінде көрсетіледі; - өзгерістерді, толықтырулар мен түзетулерді енгізу туралы өтініш күнтізбелік 15 күннің ішінде қаралады, қосымша зерделеу немесе тексеру қажет болған кезде күнтiзбелiк 15 күннен аспайтын мерзімге ұзартылады;
2) порталда – өтінішті алғанын растау және бір жұмыс күн ішінде некені бұзуды тіркеу күнін, уақытын белгілеу бөлігінде ақпарат алу.
Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
Мемлекеттік қызмет ақылы көрсетіледі.
Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркегені үшін мемлекеттік баж мынадай мөлшерде алынады:
1) кәмелетке толмаған балалары жоқ ерлі-зайыптылардың өзара келісімі бойынша – 2 АЕК;
2) сот шешімі негізінде – 1,5 АЕК (ерлі-зайыптылардың бірінен немесе екеуінен де);
3) -сот шешімінің негізінде белгіленген тәртіппен хабарсыз кеткен немесе жан күйзелісі сырқаты немесе ақыл-есінің кемдігі салдарынан әрекетке қабілетсіз деп танылған адамдардан, не қылмыс жасағаны үшін үш жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталған адамдардан – 0,1 АЕК. Некені бұзу туралы акт жазбасын өзгерту, толықтыру, түзету мен қалпына келтіруге байланысты куәлік бергені үшін 0,5 АЕК мөлшерінде мемлекеттік баж алынады.
Қажетті құжаттардың тізбесі:
соттың шешімі негізінде некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу үшін:
1) жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);
2) белгіленген нысандағы өтініш;
3) некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы сот шешімінің көшірмесі;
4) бюджетке мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжат;
5) көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген жағдайда нотариалды куәландырылған сенімхат.
кәмелетке толмаған балалары жоқ ерлі-зайыптылардың өзара келісімі бойынша некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу үшін:
1) жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);
2) белгіленген нысандағы бірлескен өтініш;
3) некені қию (ерлі-зайыптылық) туралы куәлік;
4) бюджетке мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжат.
сот шешімінің негізінде белгіленген тәртіппен хабарсыз кеткен немесе жан күйзелісі сырқаты немесе ақыл-есінің кемдігі салдарынан әрекетке қабілетсіз деп танылған адамдармен, не қылмыс жасағаны үшін үш жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталған адамдармен некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу үшін:
1) жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);
2) белгіленген нысандағы өтініш;
3) сот шешімінің немесе сот үкімінің көшірмесі;
4) неке қию (ерлі-зайыптылық) туралы куәлік;
5) бюджетке мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжат;
6) көрсетілетін қызмет алушының өкілі жүгінген жағдайда нотариалды куәландырылған сенімхат.
өзгерістер, түзетулер және толықтырулар енгізу үшін:
1) жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);
2) белгіленген нысандағы өтініш;
3) некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы куәлік, егер куәліктің түпнұсқасы жоғалған болса – некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы анықтама;
4) бюджетке мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжат;
5) көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген жағдайда нотариатта куәландырылған сенімхат.
Жұмыс кестесі:
- көрсетілетін қызметті берушіде –дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін, үзіліс 13-00-ден 14.30-ға дейін;
- орталықта –дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін үзіліссіз;
- порталда – тәулік бойы.
«АТЫҢ, ӘКЕСІНІҢ АТЫН ЖӘНЕ ТЕГІН АУЫСТУРУДЫ МЕМЛЕКЕТТІК ТІРКЕУ» ҚЫЗМЕТІ БОЙЫНША ЖАДНАМА
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:
1) жергілікті атқару органдары;
2) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің РМК-нің филиалы;
3) «электрондық үкіметтің» веб-порталы» www.egov.kz арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
- құжаттар топтамасын тапсырған кезден бастап-көрсетілетін
- қызметті берушіге немесе орталыққа – күнтізбелік 15 (он бес) күн, басқа мемлекеттік органдарға сұрау салу қажет болған кезде қарау мерзімі күнтізбелік 30 (отыз) күннен аспайтын уақытқа ұзартылады;
- порталда – өтінішті алғандығын растау және тегін, атын және әкесінің атын өзгертуді тіркеу күнін, уақытын белгілеу бөлігінде ақпаратты бір жұмыс күні ішінде алу.
Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз жүзінде.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет ақылы түрде көрсетіледі.
- Атын, әкесінің атын, тегін өзгертуді тіркеу үшін 2 АЕК мөлшерінде мемлекеттік баж алынады.
- Тегін, атын, әкесінің атын өзгерту туралы акт жазбасын өзгертуге, толықтыруға, түзетуге және қалпына келтіруге байланысты куәлік бергені үшін 0,5 АЕК мемлекеттік баж алынады.
Қажетті құжаттардың тізбесі:
1) жеке басын куәландыратын құжат (тұлғаны сәйкестендіру үшін);
2) белгіленген нысандағы өтініш;
3) туу туралы куәлігі;
4) неке қию (ерлі-зайыптылық) туралы куәлік;
5) егер көрсетілетін қызметті алушының кәмелетке толмаған балалары болса, баланың туу туралы куәлігі;
6) бала асырап алу туралы куәлік не әке болуды анықтау туралы куәлік;
7) егер көрсетілетін қызметті алушы некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуға байланысты өзіне некеге дейінгі тегін беру туралы өтініш жасаса, некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы куәлік;
8) көрсетілетін қызметті алушының 3*4 мөлшердегі екі фотосуреті;
9) мемлекеттік баждың бюджетке төленгенін растайтын құжат.
10) қажет болған жағдайда көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері көрсетілетін қызметті алушы атын, әкесінің атын, тегін өзгертуді өтініп отырған себептерді растайтын қосымша құжаттарды талап етеді.
Жұмыс кестесі:
- көрсетілетін қызметті берушінің –дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00 ден 14.30-ға дейін,
- орталықта –дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, сағат 9.00-ден 20.00-ға дейін үзіліссіз,
- порталда – тәулік бойы.