2026 жылғы 28 қыркүйекте Астана қаласы «Алматы» ауданы әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесінің ресми интернет-ресурсында 2026 жылға арналған бюджеттік бағдарламалар паспорты жарияланатын болады.
Аталған құжаттың жариялануы бюджет процесінің ашықтығы мен айқындығын қамтамасыз ету, сондай-ақ аудан тұрғындарын бюджеттік қаражатты пайдалану бағыттары туралы ақпараттандыру мақсатында жүзеге асырылады.
Бюджеттік бағдарламалар паспортында 2026 жылы «Алматы» ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы шеңберінде іске асырылатын негізгі қызмет бағыттары бойынша мақсаттар, міндеттер, көрсеткіштер және қаржыландыру көлемдері туралы мәліметтер қамтылған.
https://budget.egov.kz/material/material?id=4365700&govAgencyId=5577992