Әлеуметтік сала бөлімі– мүгедектерді, жалғызбастыларды, қарттарды және де басқа аз қамсыздандырылған азаматтарды әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша, денсаулық сақтау, білім, көші-қон, демография саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асырады. Азқамтылған азаматтарды анықтайды және оларды арнайы есепке алады, жұмыспен қамту мәселелері бойынша құзыретті органдарға қолдау көрсетеді, атаулы әлеуметтік көмек беру жөніндегі комиссияның жұмысына, Семей полигоны жөніндегі арнайы комиссияның жұмысына қатысады, Ардагерлер кеңесімен өзара жұмыс жасайды.