
ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар Агенттігі дәстүрлі түрде желтоқсан айының соңында өткен жылдың қорытындысын жариялауда. Төменде біз мемлекеттік орган қызметінің әрбір бағыты бойынша атқарылған жұмыс жөнінде қысқаша шолу жасауға тырыстық.
2029 жылға дейінгі Ұлттық даму жоспары әзірленіп, Президенттің 2024 жылғы 30 шілдедегі Жарлығымен бекітілді.
Агенттік Мемлекет басшысының «Экономиканы ырықтандыру жөніндегі шаралар» туралы Жарлығын әзірлеуге, сондай-ақ осы Жарлықты іске асыру шеңберінде тапсырмаларды орындауға қатысты.
Агенттік келесі бағыттар бойынша талдау жүргізіп, ұсынымдар әзірледі:
Экономикасы ресурстарға бағдарланған дамушы елдердің әлеуметтік-экономикалық дамуына жүйелі талдау жүргізілді.
Тұрғын үй-коммуналдық сектордың 5 жылдық кезеңдегі жай-күйі бойынша талдамалық материал дайындалып, өңірлердің (Астана қ., Алматы қ. және Қарағанды облысы) кеңістіктік-экономикалық моделін құру бойынша жұмыстар белсенді жүргізілуде.
2023 жылғы есептік кезең бойынша «Жайлы мектеп» және «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» екі пилоттық ұлттық жобалардың іске асырылу барысына мониторинг жүргізілді.
ЭЫДҰ елдері мен Қазақстанның зейнетақы жүйелерінің өзекті реформаларына талдау жүргізілді. «Әлемде және Қазақстандағы зейнетақы реформаларының дайджесті» әзірленді.
Халықаралық ынтымақтастық және шетелдік әріптестермен өзара іс-қимылды қолдау мәселелері бойынша:
«Мемлекеттік статистика туралы» Заңға бастапқы және әкімшілік деректердің сапасын арттыруға бағытталған өзгерістер қабылданды.
Есептіліктің ведомстволық нысандарына тексеру жүргізілді, оның нәтижелері бойынша 662 статистикалық көрсеткіш келісілді. Мемлекеттік органдар қалыптастыратын, әкімшілік деректерді жинау бойынша 1,5 мыңнан астам нысанды қамтитын есептіліктің бірыңғай тізілімі бекітілді.
2024 жылғы 20 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында еліміздің 54 елді мекенінде пилоттық ауыл шаруашылығы санағы жүргізілді.
Білім беру басталамалары:
Агенттік ҚХР Даму және реформалар жөніндегі мемлекеттік комитетімен бірлесіп, Қазақстанның 11 мемлекеттік органынан 70-тен астам қызметкерлері үшін стратегиялық жоспарлау мәселелері туралы тәжірибе алмасу бойынша семинарлар өткізді.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетімен ынтымақтастық шеңберінде статистика және деректерді талдау саласындағы бағдарламаның екінші деңгейі әзірленіп, Dataliteracyhub.stat.gov.kz ашық оқыту платформасында орналастырылды.
Дүниежүзілік банкпен бірлесіп цифрлық сауаттылық бойынша модульдік курс әзірленіп, оқыту платформасына орналастырылды. Платформа Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан елдерінің тыңдаушыларына да бейімделген.
М.В. Ломоносов атындағы ММУ Қазақстандық филиалымен «Заманауи экономикадағы статистика және деректерді басқару» жаңа магистрлік бағдарламасы бойынша бірлескен жоба іске асырылды.