Агенттікте Республика күні қарсаңында салтанатты іс-шара өтті

Агенттікте Республика күні қарсаңында салтанатты іс-шара өтті

Бүгін Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар Агенттігінде Республика күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Осы күні – 1990 жылғы 25 қазанда Қазақстанның мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылданды.

Іс-шарада сөз сөйлеген Агенттік төрағасы Жандос Шаймарданов ұжым қызметкерлерін мерекемен құттықтады.

«Баршаңызды егемендік декларациясы қабылданған тарихи мереке – Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын. Бұл күні біздің халқымыз үшін көптен күткен қастерлі Тәуелсіздікке жол ашылды. Осындай айтулы күні отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, еңбектеріңізге толағай жетістіктер тілеймін» - деді Агенттік төрағасы.

Ұлттық мереке қарсаңында Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградасы – «Ерен еңбегі үшін» медалімен Агенттік Төрағасының орынбасары Олжас Төлеуов және Ұлттық статистика бюросының деректер сапасын бақылау және коммуникацияларды дамыту департаментінің директоры Фархат Қалиев марапатталды.