
Бүгін Реформалар агенттігінде денсаулық сақтау саласының сарапшыларымен кездесу өтті.
Агенттік басшысы Жандос Шаймарданов атап өткендей, Жоспардың экономикалық бағытына қарамастан, өмір сапасына қатысты блок бірінші орынға қойылды, бұл осы құжаттың адамға бағдарланғанын білдіреді.
Сарапшылардың пікірінше, 2029 жылға дейінгі Ұлттық даму жоспарында ағымдағы жағдайға сапалы диагностика өткізумен қатар, денсаулық сақтау саласындағы мәселелер жақсы көрсетілген.
Сарапшылардың ұсыныстары ауруды алғашқы сатыларында анықтауға, салааралық өзара іс-қимыл тетіктерін күшейтуге, медициналық көмекке қол жеткізу теңсіздігінің ауқымын төмендетуге, қаражатты ұтымды жұмсауға бағытталды.
Сонымен бірге, ана мен бала, психикалық денсаулық, кадрларды сапалы даярлау және елдегі фармакологиялық өндірістерді дамыту мәселелері талқыланды.
Жиын соңында тараптар сектораралық өзара іс-қимылдың өзекті мәселелерін талқылау үшін қосымша кездесулер өткізуге келісті.
Іс-шараға «Республикалық медициналық палата» ҚБ басқарма төрағасы М.Құлжанов, С.Қайырбекова атындағы денсаулық сақтауды дамыту ұлттық ғылыми орталығының басшысы Г.Құлқаева, Еуразиялық медициналық қауымдастықтың вице-президенті Н.Петухова, «ҚР фармацевтикалық қызметті қолдау және дамыту қауымдастығы» ЗТБ басшысы М.Дурманова, С.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ ректоры М.Шоранов, Қазақстан денсаулық сақтау менеджерлері қауымдастығының кеңес мүшесі Қ.Төсекбаев қатысты.