Агенттікте Ұлттық жоспарға энергетика секторы мәселелері жөніндегі толықтырулар талқыланды

Агенттікте Ұлттық жоспарға энергетика секторы мәселелері жөніндегі толықтырулар талқыланды

Реформалар агенттігінде Қазақстанның энергетика саласының өкілдерімен кездесу өтті. Онда 2029 жылға дейінгі Ұлттық даму жоспарының жобасы талқыланды.

Кездесу тақырыбы энергетика саласын қаржыландыру, тариф белгілеу, экология, цифрландыру бөлігінде құжатты күшейту, сондай-ақ жасанды интеллектіні пайдалану әлеуеті мәселелері болды.

Іс-шара барысында қатысушылар өз ұсыныстарын білдіріп, өзара ынтымақтастықты жалғастыруға келісті.

Кездесуге «Атамекен», «KAZENERGY»ЗТБ, «KEGOC» АҚ, «Қазақстанның электр энергетика қауымдастығы» ЗТБ, «QAZAQ GREEN ЖЭК Қауымдастығы» ЗТБ, «Жаңартылатын энергетика қауымдастығы» ЗТБ өкілдері қатысты