ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы Жандос Шаймарданов ҚР Президенті жанындағы Қазақстандық стратегиялық зерттеулер институтында (ҚСЗИ) өткен экономика жөніндегі сараптамалық кеңестің отырысына қатысты.
Іс-шараның мақсаты 2029 жылға дейінгі Ұлттық даму жоспарының жобасын қоғамдық пікір көшбасшыларымен, сарапшылар қауымдастығымен және стейкхолдерлермен кеңінен талқылау болды.
Агенттік төрағасының орынбасары Олжас Төлеуов сөз сөйлеп, қатысушыларға елдің 2029 жылға дейінгі Ұлттық даму жоспарының жобасын таныстырды.
Спикер құжаттың логикасын түсіндіріп, даму жоспарының мазмұны елдің жаңа экономикалық бағытының басымдықтарын толық іске асыруға бағытталғанын атап өтті. Олжас Төлеуовтің айтуынша, Ұлттық даму жоспарының негізгі құрамдас бөлігі көрсеткіштердің стратегиялық картасы болып табылады, ол әрбір бағыт бойынша бөлінген 80 негізгі ұлттық индикатордан тұрады, оларды орындаудың егжей-тегжейі төмен деңгейде тұрған құжаттар шеңберінде көзделетін болады.
Іс-шараға қатысушы экономистер мен сала сарапшылары Альберт Рау, Никита Шаталов, Алмас Чукин, Мұрат Темірханов, Ерлан Смайлов, Рахым Ошақбаев, Айдархан Құсайынов, Әнуар Боранбаев, Қайырбек Арыстанбеков, Марат Қайырленов 2029 жылға дейінгі Ұлттық даму жоспарының жобасына қатысты өздерінің сындарлы пікірлері мен ұсыныстарын білдірді.
Талқылау қорытындысы бойынша, агенттік іс-шараға қатысушылардың барлық ұсыныстары мен ескертулерін, сондай-ақ «Ашық НҚА» порталында жұртшылықтың даму жоспарының жобасына түсініктемелерін назарға алды.