Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Қоғамдық кеңесінің мүшелерін сайлау жөніндегі конкурс өткізу туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Қоғамдық кеңесінің мүшелерін сайлау жөніндегі  конкурс өткізу туралы хабарландыру

«Қоғамдық кеңестер туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің 2024 жылғы 16 ақпандағы             № 23 бұйрығымен бекітілген Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ережеге сәйкес жұмыс тобы Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің қоғамдық кеңесінің мүшелерін сайлау жөніндегі конкурс жариялайды.

Қоғамдық кеңестің құрамы мемлекеттік органдардың өкілдері қатарынан (4 адам) және конкурстық негізде коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері мен азаматтар қатарынан тұратын 11 адамнан қалыптасады.

Қазақстан Республикасының он сегіз жасқа толған азаматы қоғамдық кеңес мүшелігіне үміткер бола алады.

Бұдан басқа, үміткердің:

1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығы болмауға;

2) сот заңда белгіленген тәртіппен сыбайлас жемқорлық қылмыс және (немесе) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауда кінәлі деп танымаған болуға;

3) психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтардың (аурулардың) себебі бойынша психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдарда есепте тұрмауға тиіс.

Конкурсқа қатысу үшін:

1) кандидатураны қоғамдық кеңестің құрамына ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы және (немесе) азаматтың өтініші (1-қосымша);

2) өмірбаян деректері көрсетіле отырып, үміткердің кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер;

3) сотталғандығының болуы не болмауы туралы анықтама;

4) психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтардың (аурулардың) болуы не болмауы туралы анықтама ұсынылады.

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 2024 жылғы 19 ақпаннан 2024 жылғы 29 ақпанға (қоса алғанға) дейін.

Құжаттарды a.abai@aspire.gov.kz электронды поштасына жіберуді немесе 010000, Астана қ., Мәңгілік ел даңғылы, 55/6, С3.6 блок мекенжайына қолма-қол беруді сұраймыз. Құжаттардың электрондық пошта арқылы қабылдануын мына телефон нөмірі арқылы тексерген жөн: 8-7172-64-97-79 (Әмірбек А.К.) жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.

№1 қосымша