Агенттік төрағасы Жандос Шаймарданов бүгін Сенат жанындағы Талдау мектебінің үшінші легіне берген «Деректер: талдаудың негізі ретінде» атты дәрісінде осылай мәлімдеді.
Спикер тыңдаушыларға деректерді жинау процесі қалай өтетінін, оны ақпаратқа өңдеуді, ақпаратты талдауға айналдыруды және шешім қабылдауда талдау материалдарын пайдалану әдістері жөнінде айтты.
ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі құрамындағы Ұлттық статистика бюросы Қазақстандағы ресми статистиканың негізгі өндірушісі екені белгілі. Жандос Шаймардановтың айтуынша, мемлекеттік орган қазір реформалаудың белсенді кезеңінде.
Агенттік Төрағасы тыңдаушыларға Бюрода жүзеге асырылып жатқан жобалармен, сондай-ақ әртүрлі трекерлер бойынша деректерді жинау және талдау кезінде жаңа дереккөздерді қолдану практикасы мен кейстерімен бөлісті.
Мысалы, фискалдық чектердің деректері баға мониторингін жүргізуге мүмкіндік береді, міндетті зейнетақы жарналарының деректері негізінде халықты жұмыспен қамту трекерлерін қадағалауға болады, шот-фактуралар негізінде экономикалық белсенділік трекерлеріне талдау жүргізіледі, мобильді деректер көші-қон және туристік белсенділікті бағалауға көмектеседі, ауыл шаруашылығы статистикасын спутниктік суреттер негізінде өлшеуге, банк операциялары негізінде халықтың өмір сүру деңгейін бағалауға болады.
«Жаңа тәсілдер статистиканы қалыптастырудың жеделдігін және жиілікті бағалауды қамтамасыз етуге, есепті жүктемені азайтуға, шығындарды оңтайландыруға және деректер сапасын арттыруға мүмкіндік береді», - деп атап өтті Жандос Шаймарданов.
Сонымен қатар, фискалдық деректер операторы деректерін өңдеудің эксперименттік тәсілін, машиналық оқыту моделін, транзакциялық деректерді өңдеуді, сондай-ақ ақпаратты жариялау және аналитикалық әлеуетті нығайтудағы жаңалықтарды іске асыру тәжірибесі таныстырылды.
Іс-шара соңында қатысушылар спикерге өздерін қызықтырған сауалдарын қойып, толымды жауаптарын алды.