2023 ЖЫЛДЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ

2023 ЖЫЛДЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ

ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі 2023 жылы атқарылған жұмыстар бойынша ведомствоның дәстүрлі жыл қорытындысын жариялады.

Агенттікте «Пайым-2050»: жаңа тепе-теңдік дәуіріндегі Қазақстан» стратегиясының жобасы әзірленді.

2029 жылға дейінгі Ұлттық даму жоспарының жобасын әзірлеу аяқталуда.

Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын іске асыру барысына мониторинг жасалды. Анықталған кемшіліктерді жою бойынша ұсынымдар әзірленді және тиісті құжаттарды түзету кезінде есепке алу үшін мемлекеттік органдарға жіберілді.

Реформалар жөніндегі жоғары кеңеске «Елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі сын-қатерлері туралы» баяндама дайындалды. Ішкі және сыртқы сын-қатерлерді кеңінен талдау қорытындылары таныстырылып, оларды еңсеру тәсілдері ұсынылды.

Агенттік келесі бағыттар бойынша ұсынымдар әзірледі:

- стратегиялық жоспарлау жүйесіне көшу;
- салықтық және кедендік жеңілдіктердің тиімділігін арттыру;
- мұнай ресурстары нарығындағы үрдісті ескере отырып, мұнай-газ саласын одан әрі дамыту;
- жер қойнауының геологиялық зерттелуін арттыру;
- қолда бар жүйелік кедергілерді жоюға бағытталған инновациялық саясатты және IT-секторды одан әрі пайымдау және дамыту;
- аграрлық ғылымды және тиісті мемлекеттік органдарды институционалдық дамыту;
- орта білім беру ұйымдарында жан басына шаққандағы қаржыландырудың тиімділігін арттыру;
- Қазақстан Республикасында халықты әлеуметтік қорғау жүйесін жетілдіру;
- техникалық және кәсіптік білім сапасын арттыру,
- МӘМС жүйесін жетілдіру;
- жастар саясатын дамыту;
- ғылыми-зерттеу институттары қызметінің тиімділігін арттыру және т.б.

Ұлыбританияның Сыртқы істер министрлігімен өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.

Қытайдың Даму және реформалар жөніндегі мемлекеттік комитетімен экономикалық даму саласындағы алмасу және ынтымақтастық жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.

Сауд Арабиясының халықаралық стратегиялық әріптестік орталығы (SCISP) өкілдерімен тәжірибе алмасу өтті.

Дүниежүзілік банкпен Қазақстандағы кедейлікті бағалау, негізгі трендтер мен әсер етуші факторларды анықтау бойынша бірлескен жоба басталды.

«Әлемдік экономикадағы жағдай» мерзімді дайджесті әзірленді.

Агенттіктің Aspire Talks коммуникация алаңы іске қосылды.

2023-2025 жылдарға арналған Мемлекеттік статистика және ұлттық деректер экожүйесін дамытудың Жол картасы бекітілді.

Мемлекеттік статистика және деректерді басқару мәселелері бойынша заң жобасы әзірленіп, Мәжіліс қарауына енгізілді.

БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссиясы ұлттық статистикалық жүйеге жаһандық бағалау жүргізді.

«Ұлттық анықтамалық ақпарат» цифрлық сервисі әзірленіп, тестілік режимде іске қосылды.

Фискалды деректер операторы деректері негізінде ақпаратты қалыптастыруға көшу басталды.

Ұлттық статистика бюросының жаңа веб-сайты іске қосылды.

ЖОО оқыту бағдарламаларына «статистикалық индикаторлардың әдістемесі мен талдауы атты әмбебап модуль енгізілді.