ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы Жандос Шаймарданов пен Дүниежүзілік банктің Қазақстандағы тұрақты өкілі Андрей Михнев стратегиялық жоспарлау және институционалдық реформаларды қалыптастыру мәселелерін талқылады.
Агенттік басшысы Жандос Шаймарданов атап өткендей, Дүниежүзілік Банк – құрылымдық және институционалдық реформаларды іске асырудағы Қазақстанның негізгі халықаралық әріптестерінің бірі, осыған байланысты 2029 жылға дейінгі Ұлттық даму жоспарын әзірлеу бойынша бірлескен жұмыс жүргізуді ұсынды.
Өз кезегінде Дүниежүзілік банктің өкілдері Андрей Михнев пен Адриан Фоззард елімізде жүргізіліп жатқан реформаларға қолдау білдіре отырып, Ұлттық статистика бюросымен бірлесіп жүргізіліп жатқан жұмыс туралы, сондай-ақ Қазақстандағы әл-ауқат деңгейін бағалау жөніндегі іс-шаралардың басталғаны туралы хабардар етті.
Кездесу нәтижесінде тараптар жемісті ынтымақтастықты одан әрі дамытуға келісті.