Агенттіктің стратегиялық жоспарлау және реформалар мониторингі Департаментінің директоры тағайындалды

Агенттіктің стратегиялық жоспарлау және реформалар мониторингі Департаментінің директоры тағайындалды

Әлішер Қожасбаев Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар Агенттігінің стратегиялық жоспарлау және реформалар мониторингі Департаментінің директоры болып тағайындалды.

Ол Қазақ еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясын менеджмент мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2010 жылы жеке компаниялардағы қатардағы лауазымдардан бастаған.

 2013-2017 жылдары «Global» құрылыс компаниясының бизнесті дамыту жөніндегі директоры болып жұмыс істеді.

2015 - 2017 жылдары «Казкоммерцбанк» АҚ стресстік активтерге қатысты жұмысты қадағалады.

2016 - 2023 жылдары құрылыс, өндіріс және IT-технологиялар саласында жұмыс істейтін бірқатар жеке компаниялардың тең иесі және басқарушы серіктесі болды.

2017-2018 жылдары «Forte Bank» АҚ-ның «Private Banking» бөлімшесінің басшысы болды.

 2020-2022 жылдары АХҚО аумағында тіркелген алғашқы ислам банкі – «Аl Saqr Islamic Bank» АҚ-ның басқарма төрағасы болды.

2023 жылғы қарашадан бастап Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар Агенттігінің стратегиялық жоспарлау және реформалар мониторингі департаментінің директоры болып табылады.