ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінде ағымдағы жылдың 23 қарашасында сағат 15.00-де қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтеді.
Күн тәртібінде «Пайым: Қазақстан – 2050» Стратегиясы мен 2029 жылға дейінгі ұлттық даму жоспарын әзірлеу барысы, сондай-ақ Агенттіктің бюджеттік бағдарламаларын іске асыру және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау сұрақтары талқыланады.
Іс-шараға қоғамдық кеңес мүшелері, сарапшылар мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысады.
Қоғамдық кеңес ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі құратын консультативтік-кеңесші, байқаушы орган болып табылады. Кеңес Агенттіктің халық алдында есеп беретін мемлекетті қалыптастыру жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру үшін азаматтық қоғаммен өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді.