
ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі қазақстандықтарды ұлттық валюта күні мен қаржы саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесімен құттықтайды.
Осыдан 30 жыл бұрын, 1993 жылғы 15 қарашада ұлттық валюта – теңге айналымға ресми түрде енгізілді. 1997 жылдан бастап бұл маңызды күн ұлттық валюта күні және қаржыгерлердің кәсіби мерекесі ретінде белгіленді.
Теңге – егеменді еліміздің тәуелсіздігінің символы. Ұлттық валютаны енгізу Қазақстанның қаржылық тәуелсіздігінің ажырамас бөлігіне айналды.
Осындай айтулы мереке күні алғашқы транзакция арқылы «Цифрлық теңге» жобасының бірінші кезеңі іске қосылып, ұлттық валюта банкноттарының жаңа сериясы таныстырылды.