Агенттікте Республика күні қарсаңында салтанатты іс-шара өтті

Агенттікте Республика күні қарсаңында салтанатты іс-шара өтті

Бүгін Агенттікте айтулы тарихи мереке – Республика күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Осы күні – 25 қазанда Қазақстанның мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылданды.

Іс-шарада сөз сөйлеген Агенттік төрағасы Жандос Шаймарданов ұжым қызметкерлерін мерекемен құттықтады.

«Сіздерді егемендік декларациясы қабылданған тарихи мереке – Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын. Бұл ұлттық мереке Қазақстанның мемлекеттілігі үшін маңызды күндердің бірі болып табылады.

Сіздерге және отбасыларыңызға амандық, еңбекте табыс пен мықты денсаулық тілеймін.

Мемлекет басшысы мен еліміздің жоғары басшылығы Агенттікке үлкен жауапкершілік артып отыр. Біздің бірлескен жұмысымыз Қазақстанды жоғары жетістіктерге жетелейтініне сенімдімін», - деді Агенттік төрағасы.

Сондай-ақ, ұлттық мереке қарсаңында «Б» корпусының екі мемлекеттік қызметшісі салтанатты ант қабылдады.

Республика күніне орай, Агенттіктің әкімшілік-құқықтық қамтамасыз ету департаментінің директоры Айгүл Ерекешева Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградасы – «Ерен еңбегі үшін» медалімен, макроэкономикалық саясат департаментінің директоры Сырымбет Қаскеев Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен марапатталды.