Агенттікте халықаралық білім тәжірибесімен бөлісу шарасы өтті

Агенттікте халықаралық білім тәжірибесімен бөлісу шарасы өтті

ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі ішкі зерттеу және талдау әлеуетін жақсарту үшін тұрақты жұмыс жасауда. Ол үшін әлемнің жетекші оқу орындары, «мағына орталықтары» және стратегиялық жоспарлау ұйымдарымен байланыс орнатылуда.

Халықаралық Валюта Қорының Institute for Capacity Development орталығымен белгіленген ынтымақтастық аясында жыл басынан Агенттіктің 9 қызметкері Біріккен Вена институтында тағылымдамадан өтті.

Тағылымдама қорытындысы бойынша Агенттікте ұйымдастырылған практикум аясында қызметкерлер әріптестерімен жақын болашақты болжау, құрылымдық реформаларды енгізу, бейресми саясат мақсаттары, фискалдық тұрақтылық, салық және бюджет саясаты, сондай-ақ ресурстарға бай елдердегі макроэкономикалық басқару тақырыптары бойынша алған білімдері мен тәжірибелерімен бөлісті.

Іс-шара барысында белсенді диалог, тәжірибе мен жағымды эмоция алмасу болды.