
Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытай Халық Республикасына ресми сапары аясында Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі мен Қытай Халық Республикасы Даму және реформалар жөніндегі мемлекеттік комитеті арасындағы экономикалық даму саласындағы алмасу және ынтымақтастық жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.
Меморандумның мақсаты білім мен құзыреттерді алмасу арқылы өзара мүдделі салалардағы мақсаттар мен бастамаларға қол жеткізу үшін бірлескен институционалдық қатынастарға негіз құру болып табылады.
Тараптар өз қызметтеріне қатысты және өзара қызығушылық тудыратын, оның ішінде макроэкономика және стратегиялық жоспарлау мәселелері бойынша оқыту іс-шараларын өткізу туралы келісті.
Меморандумға сәйкес тараптар өзара консультативтік және ақпараттық көмек пен қолдау көрсетуге, сондай-ақ келісілген ынтымақтастық шараларын жасауға ниетті.