
Бүгін Агенттік төрағасы Жандос Шаймарданов Қазақстанның Азаматтық Альянсының президенті, Агенттіктің қоғамдық кеңесінің мүшесі Бану Нұрғазиевамен кездесті.
Азаматтық қоғамды дамыту мәселелерін талқылай отырып, Агенттік басшысы Жандос Шаймарданов ведомствоның «Пайым: Қазақстан – 2050» стратегиясын жаңарту және 2029 жылға дейінгі ұлттық даму жоспарын әзірлеу барысы туралы айтты.
«Жаңартылған стратегия ұзақ мерзімді, әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі құжаты болады және жақын уақытта қоғамдық кеңесте оның жобасы ұсынылады», - деді Агенттік Төрағасы.
Өз кезегінде Азаматтық Альянс басшысы қоғамның проблемалық мәселелеріне байланысты көзқарасымен бөлісті. «Азаматтық қоғам мен мемлекет арасындағы диалогта үкіметтік емес ұйымдардың рөлі маңызды», - деп атап өтті Бану Нұрғазиева.
Кездесу барысында үкіметтік емес ұйымдардың қатарына кіретін заңды тұлғалар бойынша статистиканы жіктеу қажеттілігі ұсынылып, соңында тараптар ынтымақтастықты жалғастыруға келісті.