
2023 жылғы 12 маусым Мемлекет басшысының өкімімен Абай облысындағы орман өртінің салдарынан адамдардың қазаға ұшырауына байланысты Қазақстан Республикасында жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды.
Абай облысында орын алған төтенше жағдайда қаза тапқан «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватының 14 қызметкері көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін Мемлекет басшысының Жарлығымен «Құрмет» орденімен марапатталды.
Орман шаруашылығы қызметкерлерінің даңқты еңбегі мен жанқиярлық ерлігі туралы естелік қазақстандықтардың жүректерінде әрдайым қалады.
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің ұжымы қайғылы қазаға ұшырағандардың отбасыларына көңіл айтып, зардап шеккендердің сауығып кетуін тілейді.