
Бүгін ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар Агенттігінде Boston Consulting Group өкілдерімен ағымдағы жаһандық үрдістер жағдайында экономиканы тұрақты және сапалы дамыту мәселелері жөнінде кездесу өтті.
Агенттік Төрағасы Әсет Ерғалиев қатысушыларды ведомство жұмысымен, Қазақстанда іске асып жатқан саяси және экономикалық реформалар, ұзақ мерзімді стратегиялық құжаттар мен салық, бюджет, құрылыс, мемлекеттік-жекешелік әріптестік және басқа да салалардағы жаңа заңдар бойынша атқаралып жатқан жұмыстар туралы айтты.
Өз кезегінде BCG Төрағасы Ханс-Пол Бюркнер компанияның индустрияландыру, агроөнеркәсіптік сектор және табиғи ресурстарды өндіру саласындағы сараптамасы мен озық халықаралық тәжірибесімен бөлісті.
Сонымен қатар, Орталық Азия мен жаһандық жеткізу тізбегінің дамуы мен болашағы жайлы сапалы диалог өтті.
Қорытындылай келе, тараптар ауыл шаруашылығын, шағын және орта бизнесті дамыту тақырыбында бірлескен талқылау өткізуге келісті.