Елдос Саметов ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің институционалдық даму департаментінің директоры қызметіне тағайындалды.
Е.Саметов «КИМЭП» университетін «Қаржы менеджменті» мамандығы бойынша, Қазақстан халықтар достығы университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген. «Болашақ» бағдарламасы аясында Манчестер университетінің «Басқару және Мемлекеттік саясат» мамандығы бойынша магистр дәрежесін алды.
2010 жылдан 2012 жылға дейін коммерциялық және басқа да құрылымдарда жұмыс істеді.
2012 жылдан 2019 жылға дейін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Әлеуметтік саясат және мемлекеттік органдарды дамыту департаментінде сарапшы, бас сарапшы, басқарма басшысы, Мемлекеттік басқару жүйесін дамыту департаментінде департамент директорының орынбасары лауазымдарын атқарды.
2019-2020 жылдары «Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ Жобаларды үйлестіру және халықаралық серіктестік департаментінің директоры болып жұмыс істеді.
2020-2022 жылдары Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Институционалдық реформалар департаментінің бас консультанты лауазымын атқарды.
2022-2023 жылдары Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Институционалдық даму департаменті директорының орынбасары болып жұмыс істеді.
2023 жылғы наурыздан бастап Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Институционалдық даму департаментінің директоры.