Агенттікке БҰҰ Балалар қорының өкілдері келді

Агенттікке БҰҰ Балалар қорының өкілдері келді

ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар Агенттігінде Қазақстандағы БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) өкілдерімен кездесу өтті.

Кездесу барысында тараптар әлеуметтік саланың өзекті тақырыптарын, соның ішінде аз қамтылған азаматтарды әлеуметтік қорғау, әлеуметтік қызметтердің қолжетімділігі және басқа да мәселелерді талқылады.

Төраға орынбасары Әркен Өтенов қатысушыларды Агенттіктің адами капиталды дамытуға байланысты жекелеген реформаларды талдау және жетілдіру бойынша атқарып жатқан жұмыстарымен таныстырды.

Өз кезегінде ЮНИСЕФ өкілі Артур ван Дизен Қордың Қазақстандағы қызметі және жүргізіліп жатқан зерттеулер туралы жайлы айтты.

Кездесу соңында тараптар өзара іс-қимылдың әрі қарайғы қадамдары және тұрақты пікір алмасу бойынша уағдаластыққа қол жеткізді.