Әсет Ерғалиев халықаралық БАҚ өкілдерімен кездесті

Әсет Ерғалиев халықаралық БАҚ өкілдерімен кездесті

Бүгін шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен өткен брифингте ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар Агенттігінің Төрағасы Әсет Ерғалиев ведомствоның қызметі және Қазақстанда жүргізіліп жатқан реформалар жайлы айтты.

Әсет Ерғалиев осы аптада өтетін Мәжіліс пен мәслихаттарға сайлау биліктің негізгі институттарын қайта іске қосуды аяқтайтынын атап өтті. Бұл Мемлекет басшысының бір жыл бұрын Қазақстан халқына Жолдауында ұсынған және азаматтардың жалпыұлттық референдумда қолдаған реформалардың кешенді бағдарламасының маңызды бағыты. Сонымен қатар, Агенттік Төрағасы басқа маңызды өзгерістердің ішінде президенттіктің бір жеті жылдық мерзіміне сайлануы және аралас сайлау жүйесін енгізу, сондай-ақ Конституциялық сот құру жөнінде атап өтті.

Агенттік Төрағасының айтуынша, ел дамуындағы жаңа кезең экономикадағы құрылымдық реформалар үшін институционалдық іргетасты қамтамасыз етуге арналған "алдымен – экономика, кейін - саясат" формуласының керісінше өзгеруімен сипатталады. Бұл мәселені шешуде басты рөл заңның нақты үстемдігіне бағытталған.

Ведомство басшысы атап өткендей, нақты, тұрақты және ашық «ойын ережелері» сапалы жаңа инвестициялық циклды іске қосуға және экономикалық жаңғыртуды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Өткен жылдың қыркүйегінде Мемлекет басшысы экономикалық реформалардың үлкен пакетін жариялады.

Осыған байланысты жаңа Бюджет және Салық кодекстерін қалыптастыру бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде, мемлекеттік-жекешелік әріптестік және мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша нормативтік құжаттар қайта қаралуда. «Жаңа Салық саясаты экономиканы диверсификациялау және оның сапалы өсуін қамтамасыз етудің басты құралдарының біріне айналады», - деді Әсет Ерғалиев журналистермен кездесуде.

Сонымен қатар, спикер бизнеске реттеушілік жүктемені одан әрі төмендету және инвестициялар ағыны үшін қолайлы жағдайлар жасау шеңберінде жүргізіліп жатқан ауқымды жұмыс жайлы айтты. Ол сондай-ақ мемлекеттің экономикадағы рөлін төмендету, жекешелендіру және монополиясыздандыру мәселелеріне егжей-тегжейлі тоқталды.

Сондай-ақ, Әсет Ерғалиев қазіргі уақытта Агенттік экономиканың басым салаларында құн тізбегін қалыптастыру шеңберінде атаулы және тиімді мемлекеттік қолдауды әзірлеуге бағытталған реформалардың жаңа пакетін әзірлеп жатқанын айтты.

Кездесу соңында Әсет Ерғалиев журналистердің сұрақтарына жауап берді.

Іс-шараға 45-тен астам шетелдік журналистер қатысты (Бельгия, Болгария, Босния және Герцеговина, Венгрия, Италия, Испания, Канада, Литва Республикасы, Норвегия, Польша, Португалия, Румыния, Словения, Сербия, Словакия, Франция, Хорватия, Швейцария, Швеция, Чехия, Армения, Әзірбайжан, Беларусь Республикасы, Грузия, Қырғыз Республикасы, Тәжікстан, Египет, Израиль, Индонезия, Иордания, Оңтүстік Корея, Марокко, Малайзия, Моңғолия, Пәкістан, Түркия және Оңтүстік Африка елдерінен).