
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Стратегиялық жоспарлау және реформалар мониторингі департаменті директорының орынбасары («А» функционалдық блогы, 1 бірлік) лауазымына конкурсқа өтініш білдірген азаматтарға арналған ақпарат.
Қазіргі таңда техникалық ақаулықтарға байланысты келіп түскен өтініштерді жүктеу мүмкіндігі болмағандықтан, биылғы жылдың 24 ақпанынан 3 наурыз аралығында өтініш жіберген азаматтар aspir.kadry@mail.ru электрондық мекен-жайына мәліметтерін қайта жіберу қажеттілігі жөнінде хабарлаймыз.
Аталған конкурсқа қатысу үшін жіберілген құжаттар ағымдағы жылдың 6 наурызына дейін aspir.kadry@mail.ru электрондық мекен-жайына қабылданатынын хабарлаймыз.
Сұрақтар бойынша: 8 7172 64 97 84
Құрметпен,
ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің кадр қызметі