Агенттік Төрағасының орынбасары Олжас Төлеуов Perdana Dialogue қорының бас директоры Рафи Юсуфпен және DRB-HiCOM Berhad корпорациясының реттеу бөлімінің басшысы Тенгку Зайнудин Тенгку Джаафармен кездесті.
Кездесу барысында Олжас Төлеуов делегаттарды Агенттіктің қызметімен таныстырды, сондай-ақ Қазақстанда жүзеге асып жатқан реформалар мен қолданыстағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің мазмұнымен таныстырды.
Делегация өкілдері тығыз ынтымақтастыққа қызығушылық білдіріп, Малайзиядағы индустрияландыру және цифрландыру тәжірибесімен таныстырды.
Perdana Dialogue Foundation – басқару және даму мәселелері бойынша халықаралық тәуелсіз талдау орталығы ретінде құрылған ұйым.
DRB-HICOM Berhad –Малайзиядағы ең ірі және алуан түрлі конгломераттардың бірі. Компанияның алты негізгі салада: автомобиль, аэроғарыш және қорғаныс, пошта, банк, қызмет көрсету және жылжымайтын мүлік секторында кәсіпорындары бар.