Тиімді басқарушы тұлға, команда және проактивті көшбасшы. ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының қатысуымен осындай тақырыпта агенттік пен ұлттық статистика бюросы қызметкерлері үшін семинар-тренинг ұйымдастырылды.
Тиімді команда құру жайлы айта келе, Академия оқытушысы Д. Дәуренбекова ойлау парадигмасын өзгерту оңай емес екенін, алайда барлық өзгерістер бірінші кезекте өзімізден басталатынын атап өтті.
Бес күндік курс барысында қатысушылар проактивтілік, тиімді басқару стратегиялары мен тактикалары, командадағы рөлдік модельдеу, ресурстық жағдайды сақтау мәселелері мен тәжірибелік кейстерін талдады.