
ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар Агенттігі Төрағасының орынбасары Олжас Төлеуов «Хабар 24» телеарнасының «Экономика с Алишером Кожасбаевым» бағдарламасына экономикадағы стратегиялық реформалар тақырыбында сұхбат берді.
Спикер Агенттіктің қызметі, Қазақстандағы реформалардың ретроспективасы, әлеуметтік-экономикалық реформалар пакеті, салық және бюджет саласындағы алдағы өзгерістер жайлы айтты.
Сондай-ақ әңгіме барысында экономиканың әртүрлі салаларындағы теңгерімсіздіктер талқыланды.
Олжас Төлеуов фискалдық саясат және жаңа Салық кодексі туралы айта келе, қолданыстағы салық режимдері бизнестің бөлінуін ынталандыратынын атап өтті.
«Жаңа Салық саясаты экономиканың дамуын, адал салық төлеушілерді және инвестицияларды ынталандыратын факторға айналуы тиіс» - деді спикер.
Сұхбаттың толық нұсқасымен сілтеме арқылы танысуға болады.