
Бүгін ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар Агенттігі төрағасының орынбасары Олжас Төлеуов қабылдау кестесіне сәйкес, азаматтармен кездесу өткізді.
Қабылдауға келген «Қазақстандықтар – прогресс үшін» азаматтық платформасы» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ә.Айтбаева мен төраға орынбасары А. Сағадиева Агенттік қызметімен танысып, халықты және инвесторларды құқықтық қорғауға қатысты өз идеяларын ұсынды.
Қабылдау соңында О. Төлеуов ҮЕҰ өкілдерінің ұсыныстарын салалық мемлекеттік органдармен бірлесіп одан әрі талқылауға шақырды.