Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшелерімен кездесу өтті

Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшелерімен кездесу өтті

ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында мемлекеттік орган басшылары, ұлттық компания жетекшілері мен кадрлық резерв мүшелерінің қатысуымен өткен шарада өңірлік даму саясаты сөз болды.

Шараға ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының орынбасары Әркен Өтенов қатысты.

Кездесуде өңірлік даму саясаты, мемлекеттік жоспарлау жүйесі, ҚР ауылдық аумақтарын дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасы жобасы талқыланды.

Ашық әрі қызу талқыға қатысушылар өңірлік даму әдістері мен стандарттарын жоспарлау, ауылдық аумақтарда халықтың табысын арттыру, жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытуды ынталандыру туралы айтты.

Жиын барысында кадрлық резерв мүшелері тұжырымдама жобасына белсенді қатысуға шақырылды.