Рахат Жақсыбай ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Коммуникация қызметінің басшысы қызметіне тағайындалды.
Р.Жақсыбай Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін бітірген. UCL университетінің (Лондон, Ұлыбритания) магистрі. «Болашақ» халықаралық бағдарламасының түлегі.
Еңбек жолын «Хабар» Агенттігінің Алматы филиалында редактор болып бастаған. 2008-2017 жылдар аралығында «Хабар» Агенттігінде бас редактор, арнайы жобалар қызметінің жетекшісі, шеф-редактор қызметтерін атқарған.
2017-2018 жылдар аралығында ҚР Президенті баспасөз қызметінің референті, 2018-2022 жылдар аралығында ҚР Ұлттық спорт қауымдастығы заңды тұлғалар бірлестігінің атқарушы директоры болды.