35 жасқа дейінгі азаматтар Қазақстанда жастар болып саналады

35 жасқа дейінгі азаматтар Қазақстанда жастар болып саналады

Бүгін Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік жастар саясаты және әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Заңға сәйкес, жастар санаты 29-дан 35 жасқа дейін ұзартылды.

Заңға енген өзгеріс статистикалық деректерге әсер ете ме?

2022 жыл басындағы статистика бойынша, 14-28 жас аралығындағы жастар саны 3 833 458 ( оның ішінде, ер – 1 957 274, әйел – 1 876 184) болса, ал заңға енгізілген өзгеріске сәйкес, жастар (14-34 жас аралығы) 5 694 397 болды. Оның ішінде, ер – 2 896 681, әйел - 2 797 716 адам.

*2022 жылдың басындағы жағдай бойынша.