Агенттік департаментінің директоры өзбек телеарнасына Меморандум жөнінде ақпарат берді

Агенттік департаментінің директоры өзбек телеарнасына Меморандум жөнінде ақпарат берді

Агенттіктің макроэкономикалық саясат департаментінің директоры Сырымбет Қаскеев Өзбекстанның Dunyо bo’ylab телеарнасының «На прямой связи» бағдарламасына қатысты.

Мемлекет басшысының Өзбекстанға мемлекеттік сапары аясында бірқатар құжатқа қол қойылғаны белгілі.

Құжаттар қатарында Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар Агенттігі мен Өзбекстан Республикасының Президенті жанындағы Стратегиялық реформалар Агенттігінің арасындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандум болды.

Сұхбат барысында С.Қаскеев Агенттіктің қызметі, ынтымақтастық қалай жүзеге асатыны туралы айтып, стратегиялық жоспарлау саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру, мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын дайындау, стратегиялық болжау және басқа да мәселелерге тоқталды.