Агенттік: Қазақстанның мемлекеттік жоспарлау жүйесі одан әрі жетілдіруді талап етеді

Агенттік: Қазақстанның мемлекеттік жоспарлау жүйесі одан әрі жетілдіруді талап етеді

Агенттік төрағасының орынбасары Әркен Өтенов Парламентаризм институты ұйымдастырған Қазақстан Республикасының мемлекеттік жоспарлау жүйесін жетілдіру тақырыбындағы дөңгелек үстелге қатысты.

Дөңгелек үстел мемлекеттік жоспарлау жүйесі мен оны заңнамалық реттеу мәселелеріне арналды. Іс-шараға Парламент Мәжілісінің депутаттары, сарапшылар мен мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.

Агенттік Төрағасының орынбасары өз сөзінде мемлекеттік жоспарлаудың негізгі жүйелік проблемаларын және басымдықтарын айқындау, бағдарламалық құжаттарды қаржылық қамтамасыз ету, көрсеткіштердің бөлінісі, міндеттерді тиімді іске асырумен байланысты мәселелерді шешу жолдарына тоқталды.

Саланы заңнамалық реттеу бойынша Әркен Өтенов «бізге ағымдағы мақсаттар мен проблемаларды ескере алатын, ыңғайлы құрылым қажет, заңның қабылдануы бюрократияны күшейтіп, жүйені өзгерістерге икемсіз етуі мүмкін» деді.

Дөңгелек үстел қатысушылары өзара пікір алмаса отырып, Қазақстанның мемлекеттік жоспарлау жүйесі одан әрі жетілдіруді талап ететініне келісті.