Өзара ынтымақтастық жөніндегі Меморандумға қол қойылды

Өзара ынтымақтастық жөніндегі Меморандумға қол қойылды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Өзбекстанға мемлекеттік сапарының қорытындысы бойынша министрліктер мен ведомстволар, екі мемлекеттің ірі компаниялары арасындағы ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге бағытталған 15 құжатқа қол қойылды.

Қол қойылған құжаттар пакетіне Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар Агенттігі мен Өзбекстан Республикасы Президентінің жанындағы Стратегиялық реформалар Агенттігі арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандум кірді.

Осы меморандуммен тараптар стратегиялық жоспарлау саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру мен іске асыруда, мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын дайындауда, стратегиялық болжау, реформалардың іске асырылу барысы мен тиімділігін мониторингілеу мен бағалауда, мемлекеттік билік органдары қызметінің тиімділігін бағалауда және зерттеулер жүргізуде ынтымақтастықты жүзеге асыруға келісті.