
Агенттік төрағасы Әсет Ерғалиев 16 желтоқсан – ҚР Тәуелсіздік күні мерекесімен құттықтады.
«Тәуелсіздік еліміздің тәубелі мерекесі. Бұл күн – ата-бабаларымыздың аңсаған арманы орындалған айтулы күн, бізге берілген баға жетпес сый.
Тәуелсіздік күнінің ерекше мәні бар. Азаттық жолында күрескен есіл ерлеріміздің ерлігін есте сақтау – қастерлі міндетіміз.
Баға жетпес байлығымыз тәуелсіздігімізді қызғыштай қорғап, еліміздің өркен жаюына үлес қосу – әрбірімізге жүктелген жүк.
Еліміз үшін қастерлі күні сіздерге және отбасыларыңызға мол бақыт, зор денсаулық, жақсылық тілеймін.
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні құтты болсын!»