Азаматтар ұлттық статистика тұжырымдамасына ұсыныс бере алады

Азаматтар ұлттық статистика тұжырымдамасына ұсыныс бере алады

ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар Агенттігінің Ұлттық статистика бюросы мемлекеттік статистиканы және деректердің ұлттық экожүйесін дамыту тұжырымдамасының жобасын әзірледі.

Құжатта деректерді басқару саясатын енгізудің негізгі бағыттары сипатталған, деректердің баламалы көздерін пайдаланудың және мемлекеттік органдардың деректер сапасын арттырудың маңыздылығы көрсетіліп, деректерді басқарудың жеке моделі мен өзге де жайттары қамтылған.

Азаматтар тұжырымдама бойынша пікірлері мен ұсыныстарын 2022 жылғы 31 желтоқсанына дейін m.misyura@aspire.gov.kz поштасына жібере алады.