АҚШ-тың халықаралық даму агенттігінің өкілдерімен кездесу өтті

АҚШ-тың халықаралық даму агенттігінің өкілдерімен кездесу өтті

Стратегиялық жоспарлау және реформалар Агенттігі Төрағасының орынбасары Олжас Төлеуов USAID өкілдерімен кездесті.

Іс шара барысында Агенттіктің атқарып жатқан жұмысы туралы ақпарат берілді.

Тараптар реформалардың басым бағыттарын талқылап, Қазақстанда жүргізіліп жатқан экономикалық өзгерістер мен  трансформациялар жөнінде пікір алмасты.

Кездесу соңында қатысушылар ынтымақтастыққа дайын екендіктерін білдірді.